Құқық жоғары мектебі «Құқыққорғау қызметі» мамандығындағы түлектердің пікірлері

vsv
Менен қайда оқыдың деп сұрағандарда КАЗГЮУ-де деп мақатанышпен айтамын. Қазақстандық қоғамда КАЗГЮУ туралы заңгерлерді дайындаудың ең үздік оқу орны деген пікір қалыптасқан. Біздің университет өз студенттеріне жоғары талап қоятыны жалпыға аян, сондықтан жұмыс берушілер ЖОО-дан жуапты жұмыстарды сеніп тапсыруға болатын жоғары білікті мамандарды ғана күтеді. Түлектерге шешілуі қиын даулы мәселелерде кеңес беріп, қолдап жүрген КАЗГЮУ-ге және оның оқытушыларына алғыс білдіргім келеді.

«5В030300-Құқыққорғау қызметі» мамандығының 2015 жылғы түлегі Абаев Әділ

kkkkhhh
КАЗГЮУ туралы менде тек қана жағымды естеліктер қалған. Бұл тек қана қызықты студенттік өмір уақыты ғана емес, сонымен бірге жоғары білікті және тәжірибелі мамандардан білім алу уақыты ретінде есте қалды.  КАЗГЮУ дипломы сапалы білімнің кепілі екенін сенімділікпен айта аламын! КАЗГЮУ заңгерлік білімнің алдыңғы қатарлы университет екені даусыз!

Қылмыстық істер бойынша  арнайы ауданаралық әскери соттың бас маманы Талқанбаева Диана

 

FZcpgF7DMtg — копияКАЗГЮУ мен үшін туған үйімдей болып кетті. Университет маған тұлға ретінде қалыптасуыма ықпал етіп, менің әлеуетімді ашты. Университет қабырғасында маған берілген білім болашақта іс жүзінде маған талай көмектесті. Шындығында, ең алдымен заңгерлік салада тыңғылықты білім беруге, әрі оны тәжірибеде қолдана білуге үйреткен КАЗГЮУ-дің пофессорлық-оқытушылық құрамының мықты екенін айтқым келеді. КАЗГЮУ-дің арқасында мен болашағымды таптым, жаныма жағымды және сүйікті сары қабырғаларда алған өз білімімді еркін жұмсай алатын жұмысқа орналастым. КАЗГЮУ-ге үлкен рақмет!

Астана қ. Алматы ауданы прокуратурасының Сотқа дейінгі қылмыстық процесстің заңдылығын қадағалайтын бөлімінің мманы Назаров Абдусаид, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ  «Құқыққорғау қызметі» мамандығының түлегі

libr (1)

2007 жылы Астана қаласындаығы № 16 бейінді мектепті тамамдаған соң M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-не 050303 – «Құқыққорғау қызметі» мамандығына оқуға түстім. Оқу кезінде келесі жетістіктерге қол жеткіздім:

– КАЗГЮУ-2008 ж. құқықтану пәндері бойынша олимпада аясында «Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығы» пәні бойынша үздік білім үшін 1-орын;

– КАЗГЮУ-2009 ж. құқықтану пәндері бойынша олимпада аясында «Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы» пәні бойынша үздік білім үшін 1-орын;

– «Құқық қайнар көздерінің негізі, қағидаттары» (қараша 2008 ж. – сәуір 2009 ж.) профессорлық курстың сертификаты;

– «Тілдік саясат мәселесен мемлекеттік басқару» (2009 жылдың 26 наурызынан 9 мамырына дейін) профессорлық курстың сертификаты;

– 2009 ж. Қаржы академиясында құқықтану пәндері бойынша олимпиада аясында жемқорлық және экономикалық қылмыстылық саласында үздік білімдері үшін 1-орын;

– Республикалық студенттік конференцияға белсенді қатысқаны үшін ІІ дәределі Диплом. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университет. Астана қ.;  

– Алғыс хат (Құқыққорғау органдары факультеті) 02.06.2010 жылғы №95.

– Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 2009-2010 оқу жылына белгілеген стипендия иегері;

– Ұлттық құқық жоғары мектебінің Алғыс хаты (сот төрелігі, адвакатура және кәсіпкерлік құқық) 07.12.2010 жылғы № 255;

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010-2011 оқу жылына белгілеген стипендияның екінші рет иегері;

– КАЗГЮУ –  2011 ж. Құқықтану пәндері бойынша үздік білімдері үшін Республикалық олимпиаданың (Командалық есепте – команда капитаны) І Дәрежелі дипломы игерері;

– КАЗГЮУ – 2011 ж. Құқықтану пәндері бойынша үздік білімдері үшін  Республикалық олимпиаданың (жеке біріншілікте)ІІ Дәрежелі Сертификат иегері;

– КАЗГЮУ – 2011 ж. Республикалық олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін Сертификат иегері;

– з.ғ.д., профессор К.К.Сейтеновтың мақтау хаты.

Бакалавриатта оқу кезінде келесі ғылыми-зерттеушілік жұмыстарым бар (жарияланымдар):  

– Жеткіншектік қылмыстылық. ҚР ӘМ УИС Комитеті Қостанай заңгерлік академиясы Студенттік ғылыми конференция материалдары (Қостанай,  2009 ж.);

– Проблемы и некоторые пути борьбы с коррупцией. Материалы научной студенческой конференции КАЗГЮУ, – Астана: «Күлтегін», 380 с. (Астана, 2009 г.);

– Подростковая преступность. Материалы научной студенческой конференции КазГЮУ, – Астана: «Күлтегін», 380 с. (Астана, 2009 г.);

– Проблема представительства в гражданском праве. Материалы научной студенческой конференции КазГЮУ, – Астана: «Күлтегін», 380 с. (Астана, 2009 г.);

– Республиканская научно-исследовательская работа студента на тему «Теоретические основы борьбы с экстремизмом в Республике Казахстан» Астана – 2009 г.;

– Судебное санкционирование ареста в Республике Казахстан: проблемы и перспективы законодательного развития. Материалы научной студенческой конференции КазГЮУ, – Астана: «Күлтегін», 424 с. (Астана, 2010 г.).

з.ғ.д., профессор М.Ч.Қоғамов жетекшілігімен КАЗГЮУ «Қылмыстық-процессуалдық құқық және криминалистика» кафедрасында «Төрелікпен келісім» («Сделка с провосудием») атты тақырыпта дипломдық жұмысымды орындадым.

Оқуым аяқталған соң КАЗГЮУ «Алтын кітабы» құрмет кітабына енгзілгенмін (2011 ж.).

2011 жылы мемлекеттік грант негізінде «Құқықтану» мамандығы бойынша, 12.00.08 – қылмыстық, қылмыстық-атқарушылық құқық және криминология мамандануы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетінің магистратурасына оқуға түстім.

Магистратура аясында Италияда шетелдік тағылымдамадан өттім (Болония қ.) желтоқсан 2012 ж.

з.ғ.д., профессор У.С.Жекебаев жетекшілігімен орындалған магистратурада келесі жарияланымдарым бар:

– Положительные и отрицательные аспекты легализации сделки с правосудием в уголовном законодательстве Республики Казахстан. Материалы республиканской научно – практической конференции по обсуждению основных положений статьи Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. «Социальная модернизация общества: 20 шагов к обществу всеобщего труда» (Астана, 15 марта 2013 г. Казахский гуманитарно-юридический университет) с. 281 – 285;

– Теоретико – правовые основы поощрительных норм в уголовном праве. «Россия и Европа: связь культуры и экономики»: Материалы V международная научно-практической конференции (15 марта 2013 года Прага, Чешская Республика) с. 391 – 393;

– Становление и развитие института сделки о признании вины в Соединенных Штатах Америки. «Актуальные проблемы дальнейшей гуманизации уголовной политики» Материалы международной научно-практической конференции, посвящённой 85–летию, доктора юридических наук, профессора Жекебаева У.С. (Астана, 25 февраля 2012 г. Университет КАЗГЮУ) с. 407 – 414;

– Атторнейская и судебная практика сделки о признании вины в уголовном процессе США. «20–летие независимости Республики Казахстан: прошлое, настоящее, будущее». Материалы научно – практической конференции (Астана – 2011 год, Научный журнал// Экономико- юридический колледж) с. 13 – 15.

з.ғ.д., профессор У.С.Жекебаевтың жетекшілігімен «Поощрительные нормы в уголовном праве: легализация сделки с правосудием в уголовном законодательстве» тақырыбында магистрлік диссертация орындалды.

Оқу аяқталған соң «Құқықтану ғылымдарының магистрі» атағы берілді.

КАЗГЮУ-да алған білімім менің атқарып жатқан қызметімде керемет серпіліс болғанына назар аудартқым келеді.

Аталған ЖОО-да алған теориялық және практикалық білімдер кешені, сонымен қатар иеленген машықтарым кез келген ауырлықтағы жұмысты жеңіл атқаруға мүмкіндік береді, сол үшін КАЗГЮУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамына алғысым шексіз.

Сапалы алынған білімнен өзге КАЗГЮУ моральдік-адамгершілік өсуіме, мендегі жаңашылдық, өзін өзі құрбан ете білу, адалдық және, әрине, әділділіктің дамуына ықпал етті.

КАЗГЮУ-ді өзімнің екінші үйім, екінші отбасым деп санауға құқығым бар!  
КАЗГЮУ Құқық жоғары мектебі факультеті түлегінің пікірі 2011 жыл, Шайхыстанова С.Н. 

image-04-03-16-02-55

Бұл керемет болды! Менің қайдан білім алғаным мен студенттік кезім туралы сұрағанда тура осындай сөз алдымен ойға келеді. Әрі «өткен» дегенде сәл күрсіну де байқалады. Себебі менің бірінші жоғары білімім бар және оны кері айналдырып, басынан бастауға мүмкіндік жоқ.

Білім алу кезінде мен ешбір түсінбейтін қиындықтар кездескен, бірақ сауатты оқытушылардың көмегімен және өзімнің еңбегімнің арқасында істің мәніне көз жеткізетінмін. Негізінен біздің факультетте бір жаңа нәрсені білу соншалықты қызық. Саған денең түршігетін неше түрлі қызықты оқиғаларды айтады, ал екі күннен кейін сен басқа оқытушының сабағында отырып, көзіңнен жасың аққанша күлесің, өйткені басқаша мүмкін де емес! Бірақ мұның барлығы маңызды және ешбір зерікпейсің! Бұл материалдары ауыр, бірақ қызықты дәрістер де болуы мүмкін. Сосын әлі де тоқтай тұрып тыңдағың келетін семинарлар да бар. Оларға қатысып, өзіңді баурап әкететін тақлықауларға қатысқың келеді.

Алдымен бірегей білімді иеленген керемет оқытушылар туралы айтқым келеді. Атақты ғалымдар мен оқулықтар авторлары, бұл адамдар – өз жұмыстарына толыққанды берілген және адал. Сол өздерінің бойындағы ғылымға деген махаббатын, қызығушылықтары мен құштарлығын олар студенттерге дарытуға тырысты. Әрқайсымызды сабақтарда талқыланып жатқан мәселелерге, соларға енгіздіріп, еліктіруге тырысатын, өз ойымызды ашық айтуға, әрі оны нақты дәлелдеуге үйрететін. Оқыту әдеттегідей болмайтын, сонысымен де құнды болатын. Тіпті көптеген студенттер танымайтын арнайы терминология да осындай сабақ беру үлгісінде жеңіл қабылданып, меңгерілетін.

Біздің оқытушылар – тамаша, ең үздік, тәжірибелі, сауатты және өз істерінің білікті шеберлері. Мен өзімді және менің курстастарымды басқа біреулер емес, дәл солар оқытқанына шынайы мақтанамын.  Көптеген қажетті де маңызды ақпаратты бере білу керек, өздерінің зор тәжірибелерін студенттерге сыйлай білу де үлкен өнер.  

Осылайша, мен тап осы КАЗГЮУ-де, нақтыласам, Құқық Жоғары Мектебінде білім алғаныма қуаныштымын, әсіресе, осындай керемет оқытушылар сабақ беріп, тәжірибелерімен бөліскеніне шексіз қуаныштымын!   

КАЗГЮУ-дің профессорлық-оқытушылық құрамына алғысымды білдіре отырып, үлкен рақмет айтқым келеді! ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ ФАКУЛЬТЕТІ – ЕҢ ҮЗДІК! БАРЛЫҒЫНА БАР БЕРГЕНДЕРІ ҮШІН РАҚМЕТ!

КАЗГЮУ Құқық жоғары мектебі факультеті түлегінің пікірі 2014 жыл, Күдебаева Қаната Кенжебайұлы

Құқық жоғары мектебі «Құқықтану» мамандығы түлектерінің пікірлері

ikfjk
Үнемі Alma-Mater таңдауда дұрыс шешім қабылдағаныма көзім жетіп келеді. «Прокурорский надзор за следствием и дознанием» тақырбында диплом алғаным әлі есімде. Бұл тақырып болашақта менің таңдаған саламды да анықтап берді. Оқытушыларымды алғыспен еске аламын. Студенттік өмір өте қызықты да жарқын болды. ең бастысы – бізге мамандық бойынша терең білім берді. Жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімдерді тәрбиеледі. Өз қызметімде әр түрлі адамдармен жұмыс істеуге тура келеді. КАЗГЮУ түлегі екенін бірден тануға болатынына қуаныштымын.  Олар сауатты, әр қырлы, қызықты, сабырлы, мәдениетті. КАЗГЮУ – білікті заңгерлер даярлайтын орта екенін мақтанышпен айта аламын.

Қылмыстық істер бойынша Сарыарқа аудандық прокуратурасы Сот актілері мен мемлекет өкілдіктері мүдделерінің заңдылығын қадағалайтын бөлім бастығы Хашиев Қазбек Магамедович, Құқықтану мамандығының 2006 жылғы түлегі

kkkjjkБұл тек қана ЖОО атауы ғана емес. Менің болашақта кім болатынымда сенімсіздік болған емес. Сондықтан қай университетті таңдау туралы мәселе, тіпті, мектеп бітірген соң да болған емес. Оқу жылдарының барлығында университет маған туғанымдай болып кетті.

КАЗГЮУ сізді «киіміңізге» қарап, әлеуметтік жағдайыңызға қарап қарсы алмайды, ол сіздің оқуға деген ниетіңіз бен мақсаттылығыңызға қарап қарсы алады. Егер сен еңбектеніп, бұл өмірде тек қана биіктерге жетуге тырыссаң, бұл тура сен үшін арналған орын. Дарынды оқытушылар күн сайын саған тек білімдерін ғана беріп қоймайды, сонымен қатар олар болашақ мамандыққа қатысты махаббатты да оятады. Университет аяқтай салысымен бірден жұмыс істей бастап, бүгінгі күнге дейін мен оқытушылармен байланысты үзбей келемін. Себебі олардан, тіпті, оқуым тамамдалып кеткен соң да тәлім алып, үйренетін тұстарым да жоқ емес. Университеттегі студенттік өмір өте қызықты болды. Үнемі өткізіліп жататын шаралар студенттерге өздерін тек оқуда ғана емес, шығармашылық тұсынан да, спорттық жағынан да көрсете білуге көмектесетін. КАЗГЮУ-дегі барлық өмір әр студентке өзін барлық бағыттарда толықтай ашуына, көрсете білуіне қарай құрылған. Әр студент – қазіргі де, өткен шақтағы да саналы түрде КАЗГЮУ университетіне келдік. Бұл университет әрқайсымыздың мүмкіндіктерімізді ашты, қабырғасында алынған білімін дұрыс пайдалана білгендерге жол ашты. Университет аяқтай салысымен мемлекеттік қызметте жұмыс істей жүріп, жақсы тәжірибе жинақтап, әрі университетте алған білімімді қолдануға мүмкіндік алып, мен фотоэлектрикалық модульдер өндірісі бойынша «Astana Solar» ЖШС инновациялық кәсіпорын-зауытына Бас менеджер ретінде шақырылдым.     

Дэвид Стар Джордан былай деп айтқан екен: «Қайда бара жатқанын білетін адамға әлем жол береді».
Өздеріңізді және өмірде өз жолдарыңызды іздеңіздер, сонда сіздің қолыңыздан бәрі келеді!

«Astana Solar» ЖШС Заңгерлік басқармасының Құқықтық қамту бөлімінің бас менеджері Абсатирова Роза ПО-ПС-2007 ж. түлегі.

2011 жылы мен КАЗГЮУ Университетіне оқуға түстім. Дәл осы университетті неге таңдадым?

Біздің елдегі құқықтық университеттердің арасында ол ең үздігі болып табылады. Біздің Отанымыздың игілігі үшін еңбек етіп жатқан қоғамдық қызмет қайраткерлері, қорғаушылар, судьялар, прокурорлар мен өзге де қызметкерлер КАЗГЮУ түлектері болып табылады.

КАЗГЮУ-дің жоғары білікті оқытушылар құрамын айтпай кетпесіме болмайды. Олар студенттерге балық жинақтаған білімдерін білуге тырысатын. Оқытушылар қызықты сабақтар өткізіп, осы алғанымызбен тоқтамай, білімімізді ары қарай жетілдіріп, ой өрісімізді кеңейтуге кеңес беретін.

Осы ғимаратта білім алғанда мен өте көп дарынды және ақылды адамдармен таныстым. Олар талай рет өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсеткен болатын. Бұл мені одан да жақсы оқуға итермелейтін. Менің тобымда Қазақстанның басқа қалаларынан бір топ балалар оқыды. Олардың барлығы жақсы білім алу үшін осы КАЗГЮУ-ге келген.  

Университеттегі төрт жылдың ішінде мен өз мамандығыма қатысты көптеген пәндерді оқыдым. Мен Қазақстанның жетекші ЖОО-ларының бірінің түлегі болып табылатыныма қуаныштымын.

Нұртаев А.А. , «Құқықтану» мамандығының  2015 жылғы түлегі  

Құқық жоғары мектебі «Халықаралық құқық» мамандығындағы түлектердің пікірлері
ghfrhМектептің жоғарғы сыныптарында білім ала жүріп, емтиханға дайындала отырып, мен шетелге оқуға түсуді жоспарлап жүрген болатынмын. Ол үшін  өз елімде халықаралық құқық мамандығы бар жоғары оқу орнына түсу керек болды. Көп ойланбай менің таңдауым КАЗГЮУ-ге тоқтады. Себебі, менің достарымның көпшілігі мен туыстарым тап осы университетке оқуға түсуіме ақыл-кеңес берді. Әрі өзім де осы университет туралы көптеген пікірлермен оқып таныстым. Сонымен КАЗГЮУ-ге түсу туралы бір тамшыдай сенімсіздік те қалмады!

Бүгінгі күні мен КАЗГЮУ түлегі болып табыламын, құқық бакалавры бола отырып, мен үшін өз саламда көптеген мүмкіндіктер ашылды. Болашқта өз аяғымда нық тұруым үшін, өз мансабымды бастау үшін барлық мүмкіндіктер ашылды.  Мысалы, университет 4 курс оқу жылында өндірістік практикадан өтуге қатысты орындарды ұсынады. Мен практикамды БҰҰ жанындағы халықаралық ұйымда өткіздім. Шындығында практикамның табысты тамамдалуына менің КАЗГЮУ-де құрметті оқытушылардан алған білімім мен тәжірибемнің көп пайдасы тиді, әрі бұл маңызды рөл ойнады. Бұл университеттің оқытушылары құнсыз тәжірибесі бар, терең білім иелері болып табылады.

КАЗГЮУ – құқық саласындағы еліміздің алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі екенін айтқым келеді. КАЗГЮУ – бұл ұмытылмас студенттік өмір,  бұл жеңіс пен үлкен бір отбасы!

Набидолланова Баян «Халықаралық құқық» мамандығының 2015 жыл түлегі  

fjfj
«Маған КАЗГЮУ не берді? Білім деген даусыз сөзден басқа менің басыма тек қана адамдар деген сөз келеді. КАЗГЮУ-дің арқасында мен өте көп жақсы адамдармен таныстым. Олар – менің өмірімде, болашақ мансабымның бірінші қадамдарында белгілі бір рөл ойнаған адамдар. Әрине сөз оқытушылар туралы. КАЗГЮУ-дегі кейбір оқытушылардың кеңестері мен олармен араласқанның арқасында мен, біріншіден, болашақ өмірімде қандай жолмен жүретінімді шештім. Сонымен қатар өмірлік басымдылықтарымды анықтадым.  Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы Ержан Спартакович Кубеновтің арқасында менің Астана қаласындағы «GRATA» ЖШС Заңгерлік фирмасында жұмыс орным да бар екенін ерекше айтқым келеді. Одан өзге КАЗГЮУ-де мен жаңа достар таптым. Біреулер үшін мансап жасауда бұл маңызды емес болып көрінгенімен, мен университте танысқан достарымның болашақтағы жұмысымның өрлеуіне де көмектесетініне сенімдімін. КАЗГЮУ түлектері – бір жеке ұйым сияқты. Бүгінде тіпті, «КАЗГЮУшник» қызмет атқармайтын ешбір мемлекеттік мекеме жоқ сияқты. Тіпті жеке салада да университет түлектері алдыңғы қатардан орын алады. Сондықтан мен менің болашақ достарымның прокурор, сот, қорғаушы және жеке тәжірибеленуші заңгерлер болатынына сенімім мол. Әрі біз тура емес, жанамалы түрде болса да Қазақстанның жарқын болашағы үшін қызмет етеміз. Ең соңында айтарым, ол білім туралы. Әрине, тәжірибедегі іс-әрекеттер мен құбылыстар алынған теориялық білімдегідей болмайды. Теориялық білімсіз тәжірибеде не атқарып жатқаның анық көрінбейтіні де даусыз. Мысалы, теориялық білімге сүйене отырып, белгілі бір құқық нормасын тауып алып, оны қолдануға да болады, сосын сен оны ұғына отырып, шартқа да қоса аласың. Менің қазіргі студенттерге ақылым – ауыр тақырыптардан қашпаңыздар. Мен қазіргі кезде  ондай тақырыптарды тек жаттап алатыныма қатты өкінемін. Мысалы, қаржылық реттеу, ИНКОТЕРМС, сауда айналымындағы есептер салаларын. Мен олар маған керегі бола қоймас деп ойлайтынмын. (Әрине, сіздер түсінгендей, шындығына келгенде бәрі керісінше болып шықты).

Осы барлық төрт жылда алғаным мен тапқаным үшін КАЗГЮУ-ге ризашылығымды білдіргім келеді. Болашақта мен магистратураға түсуді жоспарлап отырмын. Осылайша теориялық білім мен оның тәжірибеде қолданылуын ұштастырғым келеді. Бұл қолымнан келеді деп үмітеттенемін.

Халықаралық заңгерлік «GRATA» фирмасының кіші заңгері Садртдинов Руслан, 2015 жыл түлегі

hjh
Мен M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нде «Халықаралық құқық» мамандығында 2004-2008 жылдары білім алғанмын.   КАЗГЮУ-ге түсіп, мен дұрыс таңдау жасадым. Себебі менде университеттегі оқуға қатысты тек қана жағымды естеліктер қалды.  Ең алдымен, білікті университеттің мамандардан құралған оқытушылар құрамын ерекше атағым келеді. КАЗГЮУ оқытушылары үлкен құрметке лайық. Дәрістер туралы айтқанда, олардың мәнді де қызықты өткені оқытушылардың арқасы деп білемін.  Оқытушылар – өте тәжірибелі әрі бауырмал адамдар, барлық пікірталастарға ашық жандар. Олар дәріс кезінде де, сабақтан кейін де үнемі бізді қызықтыратын сұрақтар бойынша жауап беріп, көмектесуге даяр болатын. Өзімнің сүйікті ұстаздарым  Қусаинова Жания Даулбаевнаға, Шапақ Унзила Шапаққызына, Абылайұлы Абайға ерекше алғысымды білдіремін. Қазіргі кезде мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқармасында Жетекші лауазымында қызмет етемін. M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti студенттері жыл сайын өндірістік практикадан біздің Министрлікте өтеді. Біз болашақ мамандардың жоғары даярлығын байқап, бақылап жүреміз. КАЗГЮУ-дің барлық оқытушылар құрамына жұмыста кәсіби жетістіктер мен жаңа идеяларды, болашақ мамандығын игеруде шығармашылықпен келуге талпыныс білдіретін табанды студенттерді тілеймін. Студенттерге үздік оқу, студенттік өмірде тек жақсы естеліктерді, емтиханда сәттілікті тілеймін.

КАЗГЮУ-дегі өмір мен оқу болашақтағы мансаптың өсуі үшін  кәсіби білім негізін береді және көптеген жаңа достар табуға көмектеседі.  

Куат Айгерим Куатовна, «Халықаралық құқық» мамандығының 2008 жыл түлегі