Канада Елшілігіне студент-практиканттарды жинау жарияланады


Студенттердің өндірістік практикадан өтуін ұйымдастыру жұмыстарының шеңберінде КАЗГЮУ университеті халықаралық достастығы бөлімінің Канада елшілігінің вице-консулы және Сауда кеңесшісі Адам Барболетпен біріге отырып кездесу өткізілді. Кездесуде Елшілікке практикадан өту үшін қажетті шеберлік пен қызметтер туралы, практикадан өту барысында практиканттарға қойылатын талаптар, критери йларға байланысты мәселелер сөз етілді. Вице-консул сухбаттасудан өтуге үміткер студенттер ағылшын тілін жоғары деңгейде білуі керектігін, жоғары ой-өрісті және қоғамдық қабілеттерге ие болуы керектігін баса атты. Канада елшілігінде практикадан өту – бұл студенттер үшін өз ағылшын тілін мақсаттарына жету жолына пайдалануға және Канада Елшілігінде ұйымдастырылатын барлық іс-шараларға қатысып, дипломатиялық қатынастарды жүзеге асыру ережелерін нығайту, азаматтардың нормативтік актілерін жүйелеу мәселелерін жасауға қатысу, Қазақстан Республикасының құқық қорғау бойынща мекемелері мен министліктегі жоба іс-қағаздарын даярлауға қатысу, Елшілік ішіндегі жұмыстармен танысуға мүмкіндік тудыратын таптырмас ұсыныс. Бұл арқылы студенттер «Дипломатиялық және консулдың құқық» пән бойынша алған білімдерін нығайтады, сонымен қатар дипломдық жұмыс жазу кезінде алған білімдерін пайдана алады.

Сұхбаттасудан өту үшін алдын ала түйіндеме дайындау қажет, ағылшын тілі курстарын бітіргені жөнінде сертификаттар болған жағдайда тапсыру керек. Канада Елшілігінде практикадан өтуге тілек білдіруші барлық студенттер Практика, карьера және жұмыспен қамту кеңсесімен байланысуын сұраймыз.
Tel: 70-28-73, office. 340, oppkit@mail.ru