КАЗГЮУ университетінде Астана қаласының Арнайыланған ауданаралық қылмыстық соттың сот төрағалары бинарлық дәрістер өткізді

2015 жылдың 4 желтоқсан жұма күні сағат 8-30дан 9-55-тен 11-10ға дейн УППиК кафедрасының доценті, з.ғ.д., Сокурова және Құқық Жоғарғы мектебінің 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Астана қаласының Арнайыланған ауданаралық қылмыстық соттың сот төрағасы Аширбеков Асхат Инкарбековичтің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық құқығы» пәні бойынша «Машықтанған билердің қатысуымен іс бойынша жұмыс жасау» тақырыбында бинарлық дәріс өткізілді.Сабақ барысында Аширбеков Асхат Инкарбекович жоғарғы шеберлік деңгейінде студенттерге машықтанған би болуыға үміткерлерді қалай таңдау керектігін, соның ерекшеліктерін практика жүзінде дәлелдей отырып, сот отырысының машықтанған билердің қатысуымен өткізу ерекшеліктері мен сот ісін жүргізудің мәнін түсіндіріп берді. Сонымен қатар студенттердің машықтанған билердің қатысуымен өтетін істерге қатысты алуан түрлі сұрақтарына жауап берді.

Өткізілген аталмыш іс-шара өз нәтижесін көрсетіп, студенттердің ерекше қызығушылғын оятты, сонымен қоса, теория мен практиканы ұштастыруға байланысты мәселенін басын ашты: студенттер үшін алынған теориялық білімді сот Арнайыланған ауданаралық қылмыстық соттың сот төрағаларымен қатынас жасауда толықтай бекітіп, пайдалануға мүмкіндік туды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *