Қылмыстық сот өндірісі бойынша практикум

2016 жылдың 19 ақпанында 8.30-дан 9.45-ке дейін және 9.55-тен 11.10-ға дейін КАЗГЮУ Университеті криминалистика полигнонында Қылмыстық-іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының доценті Э.Ж.Сокуровамен Астана қаласы ІІД Криминалистика зерттеулері бөлімінің басшысы полиция подполковнигі К.А.Сергеевпен бірге «Қылмыстық сот өндірісі бойынша практикум» пәні бойынша «Сотқа дейін істі қарау барысында құқық қорғау органдары маманының қызметі» тақырыбында Құқық жоғары мектебі «Сот билігі және прокурорлық қадағалау» мамандығындағы Ю-305 және Ю-306 топтарының 3 курс студенттеріне  практикалық сабақ өткізілді. Аталмыш сабақ барысында К.А.Сергеев сот-тергеу фотосуреті әдістерін, фотосуретке түсірудің жеке тәсілдерін, сонымен қатар қылмыстық істі тергеу барысындағы адам іздерін бекіту амалдарын егжей-тегжей ашып көрсетті.