«КАЗГЮУ – ҚАЙТА ЖҮКТЕУ»

2016 жылдың 5 наурызында КАЗГЮУ Университетінде маңызды іс-шара өткізілді – «КАЗГЮУ – ҚАЙТА ЖҮКТЕУ» Құқық жоғары мектебі түлектерінің форумы өтті.

КАЗГЮУ Университеті жыл сайын өнімді қарым-қатынастарды дамыту мақсатында түлектермен кездесуді өткізеді. Сондай кезекті форум 2016 жылдың 5 наурызында өткізілді. Форум жұмысына профессорлық-оқытушылық құрам мен құқық саласындағы практиктер – КАЗГЮУ түлектері қатысты. Форум Қазақстан Респуликасы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге арналды.

Кездесу аясында түлектер Қазақстанның құқықтық саласының өкілдері – сарапшылардан кеңес пен ұсыныстар алу мүмкіндігіне ие болды. Форум жұмысы үш негізгі секция бойынша қызмет жасады: жеке-құқықтық, Қазақстан Республикасы қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамасындағы өзекті мәселелер; Халықаралық жария құқығы мен халықаралық меншік құқық.

Тақырыптар: «Қазақстан Республикасы заңнамасындағы кәсіпкерлік новеллалар» з.ғ.д., профессор Т.Е. Каудыровтың баяндауында толыққанды ашылды, Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы  Л. Исабекова Қазақстан Республикасы Азматтық процессуалдық кодекстің қолданылу тәжірибесі туралы айтты. Қазақстандағы қылмыстық-процессуалдық құқығының мәселелері туралы сұрақтарға з.ғ.к., доцент С.Г.Пен жауап берді. «Жемқорлыққа қарсы әрекет» сияқты өзекті тақырып з.ғ.д., профессор Р.Т. Нуртаев баяндамасында ашылды. Қазақстанның құқықтық жүйесінде ДСҰ ережелері мен қағидаттарын әлеуетті қолдану туралы С.Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясының директоры,  Ph.D М.М. Дауленов айтып берді.

Кездесу кезінде КАЗГЮУ Университеті ректоры, з.ғ.к. Т.М.Нәрікбаев ЖООның соңғы жаңалықтарымен бөлісті.  Түлектер өз алдына ЖОО туралы пікірлерімен және оқулары аяқталғаннан кейінгі жетістіктерімен бөлісті. Шара аясында Құқық Жоғары Мектебі Түлектері клубының Кеңесі құрамы бекітілді.

Қорытындыда түлектер қатысушылар сертификаттарымен және кітапхана қоры мен фитнес-залды пайдалануға мүмкіндік беретін КАЗГЮУ клубы карталарымен марапатталды.