КАЗГЮУ ҚЖМ студенттері «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг аясындағы

2016 жылдың 12-13 сәуірінде КАЗГЮУ Университеті ҚЖМ «Құқықтану» мамандығындағы студенттеріне арналған Бірінші Президент – Ұлт Көшбасшысы кітапханасында «ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ИДЕЯЛАР» («ИДЕИ, МЕНЯЮЩИЕ МИР») тақырыбындағы Бірінші Президент кітапханасы ғылыми қызметкерлері семинар-тренинг оқыту курстарын өткізді.  

Семинар болашақтағы мемлекеттілікті нығайту, халық бірлігі мен барлық қазақстандықтарды «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы құндылықтары айналасына топтауға бағытталған Ұлт Көшбасшысы идеяларын іске асыру үшін өткізілетін жұмыстарға дарынды жастарды тарту және мәдени-ағартушылық шараларды өткізу алдыңғы жылы бастау алған «ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ИДЕЯЛАР» («ИДЕИ, МЕНЯЮЩИЕ МИР») әлеуметтік жобасы аясында өткізілді.  

Жоба жаңашылдығы қазақстандық мемлекеттілікті құрған Н.Ә.Назарабаевтың тұлғалық, әрі Елбасы ретіндегі саяси және басқарушылық тәжірибесін ғылыми-тарихи тұрғыда зерттеу нәтижелерін оқу үдерісінде жүйелі түрде пайдалану болып табылады. Бұл жобаға Қазақстанның барлық аймақтары қосылған.

Семинар тиімді әдістерді қолдана отырып, интерактивті тәртіпте, ойын, әрі командалық түрде өтетін дәрістер мен практикалық сабақтарды қамтыған мәдени-білім беру шаралары кешенінен тұрады.

Екі күнде студенттер бес институционалды ревормаларды жүзеге асырудың нақты 100 қадамы деген ұлт Жоспары туралы дәрістер тыңдады.

Семинардың практикалық сабақтары заманауи мәтіндік, тәуелсіз республиканың қалыптасу кезеңдерін, Астананың құрылысын, мемлекеттік рәміздердің тарихын, т.б. тақырыптарды қамтыған видео-фотоқұжаттық ақпараты бар жаңа технологияларды қолданылған иннофациялық форматта өткізілді. Практикалық сабақтар нәтижесінде студенттер пікірталас алаңы жұмысына да қатысты.

Семинар-тренинг бағдарламасы аясында студенттер Кітапхана жұмысымен танысып, Бірінші Президентке арналған экспозициялық аймақтарды аралады, «Әлем қадірлеген Елбасы»  атты Ұлт Көшбасшысына берілген шетел мемлекеттерінің жоғары марапаттары көрмесі мен ризашылық күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» көрмесін тамашалады, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайы, бірінші Президент мұражайы мен «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрына барды.   

Шараның аяғында Кітапхана директоры Жумабеков Бейсембай Куанышевич қатысушыларға семинар сертификаттарын беріп, «Біздің Елбасы» кітабын сыйға тартты.  

КАЗГЮУ-дің Ю-305 тобының студенті Каримов Ербол болашақ заңгерлер өздерінің кәсіби қызметінде «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізуге және 100 нақты қадам – ұлт Жоспарын іске асыруға өз үлестерін қосу керек екенін атап өтіп, семинар-тренингті ұйымдастырушыларға университет студенттері атынан алғысын білдірді.

ҚЖМ Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Р.З. Омарова