КАЗГЮУ командасы халықаралық құқық бойынша республикалық олимпиадада жеңімпаз титулын қорғап шықты

2016 жылдың 22-23 ақпанында «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-да жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасы ЖООларының студенттері арасында пәндік республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу ұсыныстары негізінде «5В030200-Халықаралық құқық» мамандығы студенттері арасында ІІ Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Республикалық пәндік олимпиада болашақ мамандарда ерекше кәсіби машықтарды айқындау мақсатымен өткізіледі және дарынды студенттік жастарды қолдау факторы болып табылады, әрі республикалық және халықаралық олимпидаларға қатысушы команданы іріктеуге септеседі.

Олимпиада 2 кезеңнен өткізілді:

1) бірінші кезең – ЖООішілік;

2) екінші кезең – базалық ЖООларда.

Олимпиаданы ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының «5В030200- Халықаралық құқық» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлайтын барлық 12 ЖООға шақырту хаттарын жіберген. І кезең нәтижелері бойынша (ЖООішілік) Қазақстан Республикасының 6 жоғары оқу орны (КАЗГЮУ Университетін қамтығанда) ІІ кезеңге қатысуға өтініш берді.

Олимпиадаға қатысушылар:

1. КАЗГЮУ Университеті студенттері (Астана қ.);

2. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері (Астана қ.);

3. Тұран-Астана Университетінің студенттері (Астана қ.);

4. КИМЭП Университетінің студенттері (Алматы қ.);

5. ҚазХҚжХТУ студенттері (Алматы қ.);

6. Тараз мемлекеттік университеті студенттері (Тараз қ.).

7. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері ( Қарағанды қ.)

Олимпиада кезеңдері Олимпиаданың II кезеңі төрт турдан тұрды.

І турда әр қатысушы «Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша мемлекеттік тілдегі тестілеуден өтті.

ІІ турда әр қатысушы «Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша ағылшын тілінде ауызша жауап берді.

ІІІ турда әр команда Халықаралық құқық бойынша орыс тілінде ситуациялық тапсырманы шешті.

IV тур ситуациялық жағдаят бойынша халықаралық сот процесі ретінде өткізілді.

Судьялардың 3 және 4 камера жұмысы барысында 2 раунд процесі жүргізілді Қазылар алқасы Қатысушылардың білімін бағалауда кәсібилік пен шынайылықты қамтамасыз ету үшін халықаралық құқық саласындағы ғалымдар мен практиктерден жинақталған байқау комиссиясы құрылған. Қазылар алқасының әр мүшесі белгілі бір турда бойынша сұрақтарды даярлаудан жауапты болды. Құрамы келесідей:

№ Аты-жөні Лауазымы

1 Мукушев Адилет Дулатбекович

I тур

ОБСЕ адамдық өлшеуіш бөлімінің құқықтық мәселелері бойынша аға ассистенті

II тур

1 Мусаева Фарида Галиуллаевна Ecpat-International үкіметтік емес халықаралық ұйымның Олимпиада нәтижелері

Жеке біріншілікте олимпиада жекімпаздары барлық турлардан жинақтаған баллдарының нәтижелері бойынша былайша анықталды:

I орын:

1. Бюрабеков Руслан, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ студенті;

II орын:

1. Платошина Александра, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ студенті;

2. Кокжалов Рамазан, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ студенті;

III орын:

1. Темирбулатова Зарина, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ студенті;

2. Жантас Ардак, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті;

3. Ким Евгения, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ студенті.

Командалық біріншілікте ең көп балл жинаған командалар былайша айқындалды:

I орын– «КАЗГЮУ Университеті» АҚ;

II орын – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ;

III орын – Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ.