Тағы да ЖЕҢІС!

2016 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасының ІІМ Баримбек Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы негізінде курстанттардың халықаралық ғылыми-теориялық «Заңгерлік және қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселелері» атты конференциясы өтті. Мұнда азаматтық ЖООлардың студенттері де қатысуға мүмкіндік алды. Конференцияға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Афганистан Ислам Республикасы сияқты елдердің баяндамашылары қатысты. «Қылмыстарды алдын алу, ашу және тергеудің теориялық және қолданбалы аспектілері» атты секциясында өзін жақсы көрсеткен КАЗГЮУ Университетінің ІІІ курс студенті Виктория Ильина үздік атанып, І орынды иеленді. В. О. Ильина баяндамасының тақырыбы тыңдаушылар арасында қызығушылық оятып, өзінің өзектілігімен болашақта зерттеуге тұрарлық жұмыс ретінде танылды. «Киберқылмыстардың алдын алу, ашу және тергеудің теориялық және қолданбалы аспектілері» атты баяндаманың ғылыми жетекшісі – қ.ғ.к., Қылмыстық-процестік іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының профессоры Ким Клара Васильевна.

Қазақстан Республикасының ІІМ Баримбек Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының Басшысы полиция генерал-майоры Джан Табылдинович Кенжетаев В.О. Ильинаға Бірінші дәрежелі дипломды табыстады.

Құттықтаймыз Виктория! Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!