Стамбул мемлекеттік университетінде біліктілікті арттыру курстары мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою

2016 жылдың 1-10 мамырында «Құқық» мамандығындағы қызметкерлер арасында Стамбул мемлекеттік университетінде «Түрік заңнамасына кіріспе» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті (Стамбул, Түркия). Шара Түрік ынтымақтастығы мен даму агенттігі қолдауымен ұйымдастырылды (Türk İşbirliği ve Koordinasyon Ajansı Başkanlığı).

Курстарға қатысушылар Стамбул мемлекеттік университетінің жетекші заңгер-құқықтанушыларынан дәрістер тыңдады. Дәріс оқығандардың қатарында профессор Абдурахман Саваш («Рим құқығына қатысты жалпы пікір, түрік заңы мен ислам заңы»), профессор Ибрахим Кайя («Түркия және халықаралық құқық»), профессор Мехмет Маде («Түркияның қылмыстық құқығы»), профессор Бильгихан Четин («Түркияның Азаматтық құқығы»),  профессор Айдын Гулан («Түрік заңнамалық тілі мен мәдениеті»), профессор Халит Уянлык («Түрік әкімшілік құқығына кіріспе»), профессор Фарук Керем Гунай («Қазақстандағы сот шешімдерінің атқарылуы мен оның Түркиядағы түсініктері»), профессор Абдурахман Ерен («Түркияның Конституциялық құқығы»), профессор Сабахаттин Нал («Түркиядағы жария құқығы пәні, тарихы мен әдістемесі»), Фетхи Гедикли («Осман құқығы»), профессор Абдуллах Исламоглу «Түркиядағы құқықтық білім») сияқтылар бар.

Курстар аяқталғаннан кейін КАЗГЮУ Университеті мен Стамбул мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Стамбул мемлекеттік университетінің құқықтану факультетінің деканы, профессор Фетхи Гедикли қатысушыларға салтанатты түрде курстардың аяқталғаны туралы дипломдарын тапсырды.