Астана қаласындағы ІІД Уақытша ұстау изоляторында практикалық сабағы өткізілді

2016 жылдың 6 мамырында «Қылмыстық сот өндірісі практикумы» пәнін оқыту аясында КАЗГЮУ ҚПҚжК кафедрасының доценті, з.ғ.к. Э.Ж.Сокурованың Ю-305 тобына Астана қаласындағы ІІД Уақытша ұстау изоляторында практикалық сабағы өткізілді.

Практикалық сабақ барысында УҰИ-ның бастығы, полиция майоры Р.М.Сүлейменов қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен ұсталған тұлғаларды жеткізу және тіркеу рәсімін көрнекі түрде көрсетіп, студенттерді оларды ұстаудың шарттарымен таныстырды.