Құқық Жоғары Мектебі студенттері үш ай бойы неміс тілін оқып, 26 мамырда оқуларын сәтті аяқтады

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ Құқық Жоғары Мектебі студенттері үш ай бойы неміс тілін оқып, 26 мамырда оқуларын сәтті аяқтады. Қорытынды емтихандары аяқталған соң қатысушыларға А.1.1. деңгейлі курстарды аяқталғанын растайтын сертификаттары тапсырылды.

Студенттер Сандра Ингелькофер ханымға, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының басшысы Рената Файзова ханымға және неміс тілі орталығының басшысы Гульнара Фахрудинова ханымға аталған курстарды ұйымдастыруда көмек көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.

Оқытушы Саткалиева Айманға жоғары педагогикалық шеберлігі үшін ерекше алғыс білдіреміз. Тіл курстары азаматтық, кәсіпкерлік және азаматтық-іс жүргізу құқығы кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылды.