КАЗГЮУ оқытушылары дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты

2016 жылдың 13 қыркүйегінде КАЗГЮУ Университетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасының және Халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары (Абилова Майгуль, Испенбетова Лилия) «Смағұл Самрат» адвокаттық кеңсесі мен «De Facto» заң фирмасы «Ағылшын құқығының ережелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізу» атты тақырыпқа ұйымдастырған дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты. Дөңгелек үстел аясында ағылшын құқығының нормаларын ел заңнамасына енгізу пайдасына дәлелдер келтірілді, осыған дейін Қазақстан заңнамасына енгізілген ағылшын құқығының институттары, мүліктік қатынастарды реттеуде сот тәжірибесінің рөлін күшейту алғышарттары және сот қарауының шеңберін кеңейту мәселелері талқыланды.