ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы

2016 жылдың 28 қыркүйегінде ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, Халықаралық құқық ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, КАЗГЮУ Университеті Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысының м.а. Лилия Испенбетова Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Халықаралық құқық ғылыми-зерттеу орталығымен ынтымақтастық бойынша болашағы зор жаңа жобаны ұсынды. Ынтымақтастықтың бұл бағыты еліміздің заңнамасын әрі қарай жетілдіру және оны халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуде өзара әрекетті қамтиды.