Құқық жоғары мектебінің талаптары ескеріле отырып Дипломдық жобалардың академиялық саясаты бойынша инфографика ұсынылады

Құрметті Құқық жоғары мектебінің студенттері!

Сіздерге Құқық жоғары мектебінің талаптары ескеріле отырып Дипломдық жобалардың академиялық саясаты бойынша инфографика ұсынылады. Бұл инфографика жобаны даярлау процесін және іс-әрекеттердің реттілігін түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы тақырыпқа қысқаша FAQ ұсынамыз:

  1. Кім дипломдық жобаларды, ал кім зерттеу кейстерін жаза алады?

Жауабы: тек зерттеу жұмысының дағдылары бар ең қабілетті (үлгерім деңгейі немесе аналитикалық қабілеттері өте жоғары) студенттер. Одан басқа, ғылыми жетекшілер жобаның тақырыбына байланысты қосымша талаптарды (тілді меңгеру, компьютерлік бағдарламаларды пайдалану дағдылары және т.б.) да белгілеуі мүмкін. Жеке зерттеу кейстерін студенттердің көбісі жазады (барлығы дерлік), өйткені нақты құқықтық жағдайларды талдау дағдылары барлықтарда бар деп ойлаймыз.

  1. Ғылыми жобалар мен кейстер әртүрлі бағаланады ма?

Жауабы: Жоқ, ғылыми жобалар мен кейстер бірдей көрсеткіштер бойынша бағаланады және әрбір студенттің нәтижеге байланысты кез келген баға алуға бірдей мүмкіндіктері бар.

  1. Кейстерді қайдан іздеу керек?

Жауабы: Егер мүмкіндіктеріңіз болса, барлық жерде. Сот кабинеті (e-gov), таныс қызметшілер, ашық қол жеткізудегі деректер базалары, БАҚ және т.б.. Әрбір кафедра өз бағыттары бойынша жұмыс берушілермен байланыстарды сақтауда, сондықтан ғылыми жетекшілер Сізге көмектеседі. Егер кафедра не ғылыми жетекшіңіз Сізге көмектесе алмаса, ҚЖМ Тәжірибе, мансап және жұмысқа орналастыру кеңсесі қол ұшын созуға дайын.

  1. Ғылыми жобаның не зерттеу кейсінің нәтижелерін жүзеге асырудың түрі қандай болмақ?

Жауабы:

1) Ғылыми жоба нақты қорытынды мен нәтижелері бар зерттеу түрінде аяқталады. Ғылыми жобаның нәтижелері тапсырыс берушіге – жобаның нәтижелерін өз қызметінде пайдалана алатын мемлекеттік органдарға, компаниялар мен ұйымдарға жіберіледі. Сондай-ақ әлеуметтік көзқарастан ең маңызды жоба нәтижелері  БАҚ-та жарық көреді.

2) Зерттеу кейсі бірыңғай үлгіге сәйкес (Зерттеу кейстері бойынша әдістемелік ұсынымдар) ресімделеді, ал кейін КАЗГЮУ Университеті Құқық жоғары мектебінің жыл сайынғы Кейстер жинағына енгізіледі, ол кейс авторы мен ғылыми жетекшінің деректері міндетті түрде көрсетіле отырып, «Құқық» тобының мамандықтары бар барлық жоғары оқу орындары бойынша таратылады.