«Спорт құқығы (футбол үлгісінде)» қонақ дәрісі

20 қазанда сағат 17.00-де 402-аудиторияда Астана қаласы Футбол федерациясының президенті Лашын Ерқараұлы Аймағамбетов © sportsffa.kz  Құқық жоғары мектебінің студенттеріне «Спорт құқығы (футбол үлгісінде)» тақырыбына қонақ дәрісін өткізеді, кездесу барысында ол спорт саласындағы қызметті заңгерлік сүйемелдеудің дүниежүзілік және ұлттық тәжірибесі туралы әңгімелейді, сондай-ақ осы саланы заң қызметтерінің және болашақ түлектерін жұмысқа орналастырудың перспективалық нарығы ретінде қарауды ұсынады.

Кездесу қорытындысы бойынша Астана қаласының Футбол федерациясы және КАЗГЮУ Университетінің Құқық жоғары мектебі арасында заң кадрларын даярлау және бітіруші курс студенттерінің кәсіби тәжірибеден өтуі үшін орын ұсыну саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.