КАЗГЮУ Университетінде Құқық жоғары мектебінің студенттері «Астана қаласының Футбол федерациясы» ЗТБ Президенті Лашын Аймағамбетовпен кездесті

26 қазан күні Астана қаласының Футбол федерациясының Президенті Лашын Ерқараұлы Аймағамбетов «Спорт құқығы: заңгерлік сүйемелдеудің халықаралық және ұлттық тәжірибесі (футбол үлгісінде)» атты тақырыпқа қонақ дәрісін оқыды.

Аталған қонақ дәрісінің мақсаты студенттерге спорт құқығы сияқты құбылыстың маңызы, сондай-ақ спорт саласындағы қызметті заңгерлік сүйемелдеудің әлемдік және ұлттық тәжірибесінде заңгерлерге ашылатын болашақ жайында ақпарат беру болды. Студенттерден басқа, кездесуге КАЗГЮУ-дың Құқық жоғары мектебінің оқытушылары қатысты.

Кездесу соңында КАЗГЮУ Университетінің Құқық жоғары мектебі және Астана қаласының Футбол федерациясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.