КАЗГЮУ командасы «ДСҰүлгісі-2016» халықаралық конкурсында үздіктер бестігіне кірді

«ДСҰ үлгісі – 2016» халықаралық конкурсының ресми сайтында интеллектуалдық доданың нәтижелері жарияланды. Соңғы сынақтың қорытындысы бойынша КАЗГЮУ Университетінің «Punta del Este» командасы көптеген елдердің 66 қатысушы-командаларының арасында ең мықты командалардың бестігіне кірді.

Сондай-ақ жеңімпаздардың қатарында – ЭЖМ ҒЗУ, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің, Бүкіл ресейлік сыртқы сауда академиясының және Мәскеу мемлекеттік университетінің командалары.

Осы жылы КАЗГЮУ Университетінің студенттері «ДСҰ үлгісі – 2016» ІІІ халықаралық сайысында Қазақстан намысын алғаш рет қорғады, бұл сайысқа РФ, ТМД, ЕЭО және бірқатар шет елдерінің жоғары оқу орындарының аспиранттары қатысты.

Осыған дейін хабарланғандай, конкурсқа атсалысатын командалар және басқа да қатысушылар ДСҰ құқығы жөнінде өз білімдерін және ахуалдық тапсырма-кейстердің негізінде оны қолдану дағдыларын жарыса көрсетеді. Төрелер алқасының құрамына ДСҰ құқығы бойынша танымал ғалымдар мен мамандар кіреді.

КАЗГЮУ Университеті ДСҰ құқығының жоғары білім деңгейін көрсете білген және халықаралық деңгейдегі сайыста ел намысын қорғаған «Punta del Este» командасына ризашылығын білдіреді және болашақта кәсіби жеңістер мен наградалардың көп болуын  тілейді.