КАЗГЮУ Университеті адалдық эстафетасын бастады

КАЗГЮУ-да академиялық адалдық қағидаларының енгізілуі сыбайлас жемқорлықтың түп-тамырын жоюға мүмкіндік берді. Телекөпір аясында білім ордасының студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы флешмоб ұйымдастырып, барлық білім оқушыларды жастардың алдыңғы қатарында болуға, еліміздің адал әрі бәсекеге қабілетті азамат болуға шақырды.  Ағымдағы жылдың соңына дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафета еліміздің барлық жоғары оқу орындарын қамтиды деп жоспарланады.