КАЗГЮУ халықаралық құқық бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы атанды.

2017 жылдың 21-22 сәуірінде КАЗГЮУ Университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында халықаралық құқық бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиадаға халықаралық құқық саласында мамандарды даярлайтын, заң бейіндегі жоғары оқу орындарының (факультеттерінің) бітіруші курстарының студенттерінен құралған командалар қатысты. Әрбір студенттік команданың құрамында 5 қатысушы болды.

Дәйекті бағалау мақсатында командаларға қалаларды, өздері табыс ететін жоғары оқу орындарын сәйкестендіруге ықпал ететін кез келген деректерді хабарлауға тыйым салынды. Сондай-ақ командаларға сол не басқа оқу орнына командалардың тиістілігін айқындауға мүмкіндік беретін нышандарды пайдалануға тыйым салынды.

Олимпиаданың соңында судьялар студенттердің жоғары дайындық деңгейін, олардың заманауи халықаралық құқықтағы мақсаттылығын белгіледі. Одан басқа, қатысушылар шараның жақсы ұйымдастырылғанын, судьялардың тәуелсіздігін және бағалау дәйектілігін белгіледі. КАЗГЮУ Университеті алыс және жақын шетелден студенттерді шақырып және жарыстарды ағылшын тілінде өткізіп, Олимпиада нысанын халықаралық деңгейге дейін кеңейтуді жоспарлайды.