Құқық жоғары мектебіне Украина оқытушысы шақырылғанын қуана хабарлаймыз.


Құрметті әріптестер!

HR Басқармасының көмегімен Құқық Жоғары Мектебіне Украина оқытушысы, физика-математикалық ғылымдардың PhD докторы, аға ғылыми қызметкер Ekezli Andrii шақырылғанын қуанышпен хабарлаймыз.

Andrii Украинадағы жетекші техникалық университеттердің бірі — Харьков ұлттық радиоэлектроника университетінде білім алып, оны бітірген соң он бір жыл бойы ІТ пәндерінің оқытушысы ретінде қызмет атқарып, цифрлық сауаттылықтың стандарттарын дамытуға орасан зор үлес қосты. Украин, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

12 қыркүйектен бастап М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі-нің Құқық жоғары мектебінің аға оқытушысы болып жұмыс істеп бастады. Лауазымы бойынша түйінді міндеттері мыналарды қамтиды: заңгерлер үшін Legal IT білім беру minor-бағдарламасына жетекшілік ету және үйлестіру, курстардың контентін сапалы толтыру.

Жаңа келген оқытушыға табысты қызмет тілейміз!