М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі-нің Құқық жоғары мектебі Азия халықаралық құқық қауымдастығының Қазақстандық ассоциациясының мәртебесіне ие болды

М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі-нің Құқық жоғары мектебі Азия халықаралық құқық қауымдастығының Қазақстандық ассоциациясының мәртебесіне қол жеткізді. Осындай шешім 2018 жылғы 12 қазанда Азия халықаралық құқық қауымдастығының Атқарушы кеңесінің Пекинде өткен он тоғызыншы отырысында қабылданды.

Азия халықаралық құқық қауымдастығы 2007 жылдың сәуір айында халықаралық үкіметтік емес ұйым ретінде құрылып, өзінің мақсаттары ретінде мыналарды жариялады: А) Азия мен басқа да өңірлерде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы халықаралық құқықтың зерттеулері мен білімін, қолданылуын ілгерілету; Б) халықаралық құқықта азиялық перспективаларға жағдай жасау және көтермелеу; В) Азияда халықаралық құқықтың білімі мен құрметтелуін ілгерілету. Қауымдастық құрамына халықаралық құқық саласындағы танымал мамандар кіреді, оның ішінде БҰҰ Халықаралық Сотының бұрынғы судьясы мен бұрынғы төрағасы Хисаши Овада, Иорданияның бұрынғы премьер-министрі және БҰҰ Халықаралық Сотының бұрынғы вице-президенті Аон Шаукат Аль-Хасауна, БҰҰ Халықаралық Сотының вице-төрағасы Ханьцинь Сюэ, Сингапур Ұлттық Университетінің Құқық мектебінің деканы, профессор Саймон Честерман және т.б.. Қауымдастықтың ресми басылымы Кембридж Университетінің баспасы жариялайтын және жоғары импакт-факторы бар Азия халықаралық құқық журналы болып табылады.

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қауымдастық ұлттық ассоциацияларды бекіте алады, оның мәртебесі әйгілі ұлттық құқық мектебіне немесе халықаралық құқық заңгерлерінің ұлттық бірлестігіне ғана беріледі. Қауымдастықтың небәрі алты ұлттық ассоциациясы бар, осыған дейін Бангладеш, Жапония, Иран, Оңтүстік Корея, Непал елдерінде болған ассоциациялар енді Қазақстанда да бекітілді.

М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі-нің Құқық жоғары мектебіне Азия халықаралық құқық қауымдастығының Қазақстандық ассоциациясының мәртебесін беруі Қауымдастықтың Құқық жоғары мектебін халықаралық құқық саласындағы зерттеулер мен білімнің беделді орталығы ретінде тануын білдіреді. Бұл ретте Құқық жоғары мектебі Қазақстан бойынша Азия халықаралық құқық қауымдастығының эгидасымен халықаралық конференциялар мен басқа да ғылыми әрі білім беру іс-шараларын өткізу мүмкіндігі бар және Қауымдастық ресми түрде мойындаған жалғыз халықаралық құқық орталығы болып табылады.