IV Халықаралық жастар заң форумына қатысушылар анықталды

12 қараша күні ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі мен Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен IV Халықаралық жастар заң форумына қатысушылар белгілі болды. Форум туралы ережеге сәйкес, қатысушылар мынадай өлшемшарттар бойынша іріктелді: идеяның өзектілігі, жаңалығы мен сонылығы (30 балға дейін); нормативтік құқықтық актілерді, сот және өзге құқық қолдану тәжірибесінің материалдарын міндетті түрде пайдаланып, шығарылатын идеялардың дәлелденуі (40 балға дейін); шығарылатын идеяларды іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі (30 балға дейін). Бұдан басқа, әрбір жұмыс TurnItIn жүйесінде сілтеме жасалмаған бөтен материалдың болуына қарай тексерілді. Плагиат анықталған жұмыстардан басқа, жергілікті уақыт бойынша мерзімі біткен соң тіркелген хаттар және магистрантардың еңбектері конкурстан өтпей қалды.

Бағалау жұмысына төрт төреші қатысты, соңғы баға іріктеу комиссиясының барлық мүшелерінің орташа арифметикалық мәнін білдіреді.

Ұйымдастыру комитеті мен сарапшылар комиссиясы келіп түскен жұмыстардың жоғары деңгейін белгілеп, Форумға қатысушылардың санын көбейтуге бел буды. Осылай, жарыстың екінші кезеңіне 10 шетелдік қатысушы, Қазақстан қалаларынан 8 қатысушы және Астана қаласынан 18 қатысушы өткен. Биыл Форумға Қазақстан (Астана, Алматы, Қарағанды), Қырғыз Республикасы, Беларусь, Молдова, Әзірбайжан, Грузия мен Украина студенттері қатысады.

Форумға қатысу үшін іріктеуден өткен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Және Форум қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы шығарылатынын қуана хабарлаймыз.

Сонымен бірге, Форумға қызығушылығын білдірген қатысушылардың бәріне алғыс білдіреміз, адамның құқықтарын қорғау жолында аянбай еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жетулеріңізді тілейміз!

Бағалау ведомостарымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Ал соңында бағалау қорытындысы бойынша ең жоғары балл алған 4 еңбекпен танысуды ұсынамыз, оларды мына сілтемеден жүктей аласыздар.