ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІ ГРАНТ АРҚЫЛЫ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti бірегей Жас зерттеушілерді грант арқылы қолдау бағдарламасының басталғаны туралы жариялайды. Бұл бағдарлама аясында жария және жеке құқық саласындағы зерттеулердің бағыттары бойынша PhD докторантурасында бүкіл оқу мерзіміне (3 жыл) 5 (бес) грант беріледі.

Бағдарламаның мақсаты – жас ғалымдарды қолдау, ғылыми мектеп жетістіктерінің сабақтастығы және M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде (әрі қарай – Университет) жаңа білімді дамыту үшін жағдай жасау.

Докторантурадағы оқуды толық қаржыландырудан басқа Университет диссертацияның табысты қорғалуынан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігін және бүкіл оқу мерзіміне баспананы қамтамасыз етеді.

Гранттар Қазақстанның және жеке алғанда, Университеттің зерттеу қызметінің өзекті бағыттарына сәйкес ғылымды дамыту стратегиясы аясында конкурс қорытындысы бойынша ұсынылады.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:
1) конкурстық комиссия үміткерлердің құжаттарын сырттай қарайды;
2) іріктеу кезеңнен өткен үміткерлермен әңгімелесу.

Грант алуға байқаудың сырттай кезеңі 2019 жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде өтеді. Байқауға қатысу үшін кандидаттар мынадай материалдарды ұсынуға тиіс:

– CV, оның ішінде құқық саласында жүргізген немесе жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулер және негізгі жарияланымдар туралы ақпарат;
– тиісті үлгідегі Research Proposal, басымдық бағыттары аясында жоспарланатын зерттеудің негізгі аспектілерін көрсетуге тиіс (үлгісін Университет ұсынады);
– IELTS 6.5/TestDaF B1 деңгейінде ағылшын немесе неміс тілін меңгергенін растайтын құжаттар немесе басқа рейтингтік жүйелер бойынша тілдік дайындықтың ұқсас деңгейін растайтын құжаттар. Барлық құжаттар сілтеме бойынша онлайн-нысанды толтыру арқылы жіберіледі.

Комиссия ұсынылған құжаттарды 2019 жылғы 20 мамырға дейін қарайды (сырттай кезеңі). Сырттай кезеңнен өткен үміткерлермен әңгімелесу Университетте 2019 жылғы 20 маусымға дейінгі мерзімде өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ түсініктеме және құжаттаманың үлгілерін алу үшін бағдарламаның үйлестірушісі – Құқық жоғары мектебі директорының жоғары оқу орнынан кейінгі оқу жөніндегі орынбасарына (О.В. Лозовая, o_lozovaya@kazguu.kz, +7 707 770 13 06) жолығуыңызды сұраймыз.