Көп тілді және мәдениеттері алуан қазіргі заманда тілдердің тоқайласу мәселесі, тиімді және өмірге бейімді бағдарламаларды іздеу бұрын соңды болмағандай маңызды болып тұр. Осыған байланысты Президенттің үш тілдің тұтастығы идеясының нәтижесі болып табылатын көп тілді оқытудың маңыздылығы мен өзектілігі күмән туғызбайды.

Білім беру мен кәсіби қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың инновациялық, көп тілді үлгісін құру мақсатында Құқық жоғары мектебінде 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап 5В030200-Халықаралық құқық мамандығы бойынша үш тілде оқытатын көп тілді топтың сынамалы даярлық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Көп тілді топқа студенттерді іріктеу бірнеше кезеңдерде жүзеге асты:

1.​ Студенттердің ағылшын тілі бойынша білімдерінің кіріс бақылау қорытындысы бойынша ең төменгі балл -70;

2.​ 1-курс студенттерімен арнайы комиссияның сұхбаттасу нәтижесі бойынша.