Оқудың қорытынды кезеңінде студенттердің оқу үрдісінен кәсіби мансапқа өтуін жеңілдету мақсатында Өндірістік тәжірибе, мансап және жұмысқа орналастыру кеңсесі (ӨТМЖК) ұйымдармен бірлесіп, үйренушілер үшін тәжірибені ұйымдастырады.

Өндірістік тәжірибе студенттерге кәсіби өсуге, жеке құндылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік жасайды, үйреншікті теорияны тәжірибелік жағдайларда қолдану және жасалынған болашақ мансаптарымен байланысты ережелер мен міндеттемелерді уақытылы және жауапкершілікпен орындағаны үшін баға алады.

Тәжірибелі кәсіпқойлардың басшылығымен және қадағалауымен тәжірибеде студент кәсіптік дағдыларын дамытады, білімін қолданады және теория мен түсініктерін тексереді.

Тәжірибе бағдарламасының мақсаты студенттің (болашақ кәсіпқой) жан-жақты тәжірибелік дағдыларды алуына бағытталған, яғни басты мақсат болып тәжірибелік дағды алу танылады. Сондықтан өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаты болып:

СТУДЕНТ ҮШІН: тәжірибелі жетекшілердің қадағалауымен өндірістік тәжірибедегі дайындықтың өзіндік кәсіби бағдарламасын тәмамдау.

УНИВЕРСИТЕТ ҮШІН: ол/студент тәжірибеде теориялық білімдерін қолданып жатқанда студентті қолдау және бағыттау.

ДЛЯ УНИВЕРСИТЕТА: поддерживать и вести студента, в то время как он/она применяют теоретические знания на практике.

ҰЙЫМ ҮШІН: тәжірибеден өту, сонымен қатар кәсіби тәлімгерлік үшін сәйкестелген жұмыс жағдайымен қамтамасыз ету

Өндірістік тәжірибенің аяқталуымен студент келесідей нәтижелерге қол жеткізеді деп жоспарланады.

1. Оқу кезінде алған білімдерін жүйелейді және жинақтайды.

2. Зерттеудің негізгі нәтижелерін анықтайды және талдайды.

3. Мамандыққа қажетті стандарттарға сәйкестелген кәсіби басқарушылық дағдыларын қолданады.

4. Басқару мен жетекшілік сұрақтарында іргелі түсініктерді қолданады.

5. Кәсіби салада белгілі бір жетістікке қол жеткізуге қажетті кәсіби құзыреттегі білімдерді алады.