БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЕКІНШІ КУРСҚА КӨШУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Білім алушының курстан курсқа ауысуы, жоғары білім және нақтылы оқу бағдарламасы негізінде оқу жылының аяғында жазғы семестрдің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

5B030100-Құқықтану, 5B030200-Халықаралық құқық, 5B030300- Құқыққорғау қызметі мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының жалпы талаптары 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте. 5B030100-Құқықтану, 5B030200-Халықаралық құқық, 5B030300-Құқыққорғау қызметі мамандықтары бойынша білім беру бағадарламаларының жалпы талаптары.

р/н Мамандықтардың атаулары ECTS Ең төменгі GPA
5B030100-Құқықтану 60 2.0
5B030200-Халықаралы құқық 60 2.0
5B030300-Құқыққорғау қызметі 60 2.0

Ескерту: егер білім алушы бірішні курс студенті 50 ECTS меңгерсе, онда ол жазғы семестр кезінде 10 ECTS-ты меңгере алады.

5В030200-Халықаралық құқық мамандығының студенттері үшін 2-курсқа ауысуға қосымша талаптар белгіленген.

Екінші курсқа ауысуы үшін 5В030200-Халықаралық құқық мамандығының студенттері 30-сәуірге дейінгі мерзімде ағылшын тілінен емтихан тапсыруға тиіс (2-кестені қараңыз).

2-кесте. 5В030200-Халықаралық құқық мамандығының студенттері екінші курсқа ауысуына қажет болатын ағылшын тілін меңгеруіне қойылатын талаптар 

Ағылшын тілінің деңгейі Academic IELTS/TOEFL IBT/PBT

(IELTS деңгейіне эквивалент)

Intermediate 4.0

Егер студент ағылшын тілінен емтихан нәтижесі бойынша қажет деңгей – 4.0 көрсете алмаған болса, онда оған ағымдағы оқу жылының мамыр айынан тамыз айына дейінгі аралықта GES Language Center-де үшапталық жазғы курсты ақылы негізде игеру және емтиханды қайта тапсыру ұсынылады.

Ағылшын тілінен өтпелі емтихан ұйымдастыру және өткізу ағылшын тілі кафедрасына жүктелген және университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҮШІНШІ КУРСҚА КӨШУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Үшінші оқу жылына ауысатын білім алушы міндетті:

  • GPA 2,0  жинауға;
  • ECTS 119 меңгеруге;
  • оқу практикасынан өтуге;
  • дене шынықтыру курсы бойынша оқуын аяқтауға.

Егер екінші курстағы білім алушы қажетті ECTS санын меңгермесе, онда ол жазғы семестр кезінде 10 ECTS-ты оқуына болады.

5B030100-Құқықтану, 5B030200-Халықаралық құқық, 5B030300-Құқыққорғау қызметі мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасының талаптары 3- кестеде көрсетілген.

3-кесте. 5B030100-Құқықтану, 5B030200-Халықаралық құқық, 5B030300-Құқыққорғау қызметі мамандықтарында білім алушылардың көшу талаптары.

р/н Мамандықтардың атаулары ECTS Ең төменгі GPA
5B030100-Құқықтану 119 2.0
5B030200-Халықаралық құқық 119 2.0
5B030300-Құқыққорғау қызметі 119 2.0

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТӨРТІНШІ КУРСҚА КӨШУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Төртінші  жылға ауысатын білім алушы міндетті:

  • GPA 2,0 жинауға;
  • ECTS 179 меңгеруге;

5B030100- Құқықтану, 5B030200-Халықаралық құқық, 5B030300- Құқыққорғау қызметі мамандықтары бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларының талаптары 4-кестеде көрсетілген.

4-кесте. 5B030100-Құқықтану, 5B030200-Халықаралық құқық, 5B030300-Құқыққорғау қызметі мамандықтарында білім алушылардың көшу талаптары.

р/н Мамандықтардың атаулары ECTS Ең төменгі GPA
5B030100-Құқықтану 179 2.0
5B030200-Халықаралық құқық 179 2.0
5B030300-Құқыққорғау қызметі 179 2.0