2017-2018 оқу жылының қорытындысы
Осы оқу жылы да өз мәресіне жетіп қалды, бұл жыл біздің команда үшін ең белсенді жыл болыпты, сондықтан оның қорытындысын шығару уақыты да келіп қалыпты.

Осы жылдың ішінде Заң клиникасы 77 өтініш бойынша құқықтық консультация беріп, заң көмегін көрсеткен, оның ішінде online, offline байланыс, телефон байланысы, электрондық пошта арқылы жазбаша консультациялар және т.б. арқылы.
Жүгінген адамдардың барлығымен кері байланыс орнатылды, олардың көбісі көмек алу үшін қайтадан жолығады.
Жұмыстың негізгі нысаны – жолыққан адамдардың барлығына берілетін заң консультациялары.

12 өтініш бойынша заң көмегі көрсетілді, оның субъектілері – халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтары. Клиниканың қызметкерлері сотқа хат, арыз, шағым жазуға, шығарылған сот шешіміне наразылық білдіру, апелляциялық шағым, шарт жобаларын дайындауға көмектесті, сондай-ақ татуластыру рәсімдеріне, келіссөздерге және әр түрлі сатыларда сот процестеріне қатысты.

Көрсетілген 12 жағдайдан алтысы бойынша Заң клиникасы мүдделерге өкілдік етті, оның бесеуінде толық жеңіске қол жеткізілді немесе клиенттің мүдделері толықтай қорғалды. Жеңістеріміз туралы ақпарат парақшамызда және The Phoenix журналында жарияланды.

КАЗГЮУ Заң клиникасы қызметінің тағы бір нысаны – көшпелі консультациялар. Клиниканың қызметкерлері тұрақты негізде Аналар үйінде заң консультацияларды береді. Консультациялар көбінесе қолданыстағы отбасы, еңбек, тұрғын үй және жер заңнамасы бойынша беріледі.