Халықаралық құқық кафедрасы Университет құрылғалы қызмет етіп келеді. Қазіргі уақытта кафедра өзін тәжірибелік дағдыларға ие кең ауқымды білімі бар заңгерлер дайындауда үздік көрсеткіштерге қол жеткізген кафедра ретінде көрсете білді. Кафедра өз ісіне берілген және қоғамымыздың саяси-әлеуметтік институттарын жетілдіру жолында халықаралық құқықты зерттеудің қажеттілігіне сенімді профессорлық-оқытушылық құрамнан жасақталған. Кафедра ұжымының біліктілігі олардың көпшілігінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы «Заң шығармашылығы институты» ММ және өзге де мемлекеттік органдар мен ғылыми-зерттеу институттарындағы жұмыс тәжірибесіне ие екендігінен көрінеді. Бірқатар қызметкерлер ҚР мемлекеттік органдары мен ведомстволарында сарапшылық қызмет атқарады, ҚР Жоғары Соты жанындағы Ғылыми кеңестің мүшелері болып табылады, ҚР тысқары жерде жарық көретін ғылыми жуналдарда сырттай рецензент ретінде тіркелген.

Кафедраның өзіндік ерекшелігін оқытушылардың бірқатар шет тілдерін жетік меңгергенінен көре аламыз. Бұл өз кезегінде оқу материалдарын әр түрлі тілдерде жеткізуге мүмкіндік беріп, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың терең де тиянақты білім алуына ықпалын тигізеді.

Кафедраның міндеттері:

  • халықаралық жария құқық саласында мамандар дайындауда еліміз бойынша жетекші орынға шығуды қамтамасыз ету;

  • оқытушылар құрамының біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру;

  • кафедраның мемлекеттік органдар, халықаралық білім беру мекемелері, мемлекеттік емес өзге де ұйымдармен ынтымақтастығын жетілдіре түсу;

  • кафедраның ПОҚ ғылыми және зерттеу жұмыстарын дамыту;

  • оқу үрдісіне сапалы білім берудіңхалықаралық стандарттарын енгізу;

  • кафедраныңакадемиялықдәрежесінарттыратүсу.

Дәреже бағдарламалары

«Халықаралық құқық» кафедрасы халықаралық құқық саласында бакалавр дәрежесін, магистр дәрежесін және PhD докторыдәрежесін ұсынады.

Әкімшілік:

Кафедра меңгерушісі – Абылайұлы Абай, PhD докторы

Байланыс жолдары:

Кабинет № 346,

тел. +7 (7172) 70-30-22 (вн. 1051),

Эл.пошта: intlawchair@kazguu.kz

http://kazguu.kz/ru/obrazovanie/vshp/kpmpimo