Құқық жоғары мектебі 1994 жылдың қараша айында құрылды.

2011 жылдан бастап КАЗГЮУ Университетінің Құқық жоғары мектебі «Заңтану», «Халықаралық құқық» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша ең мықты заңгерлік мамандарды шығаруда. Дәл осы жерде студенттер толық базалық білім мен құқық саласындағы іргелі білімдерді алады.

Құқық жоғары мектебі құқықтық мәдениеті мен санасының жоғары деңгейіне ие, сондай-ақ құқықтық нормаларды әзірлеу мен жүзеге асыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықтық оқу мен тәрбиелеу саласында іргелі білімі мен кәсіби құзыреттері бар жоғары білікті мамандарды сапалы даярлау бойынша басты міндетті дәйекті жүзеге асыруда.

Мектеп директоры – Пен Сергей:

Пен

«Мектептің миссиясы, ең алдымен, еңбек нарығында  сұранысқа ие және қазіргі заманғы барлық талаптарға сай келетін білікті әрі бәсекеге қабілетті заң кадрларын даярлауда жатыр. Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін біздің мол педагогикалық әлеуетіміз бар, оқыту процесіміз әдістемелік тұрғыдан сапалы қамсыздандырылған, материалдық-техникалық база жақсы жабдықталған».

Мектептің құрамына Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы, Қылмыстық-процестік құқық және криминалистика кафедрасы, Азаматтық, кәсіпкерлік және азаматтық-процестік құқық кафедрасы, Мемлекеттік-құқықтық пәндер және Халықаралық құқық кафедралары кіреді. Ғылыми, педагогикалық және инновациялық әлеует үнемі нығайтылуда. Әр түрлі бағыттарда жұмыс жасайтын ғылыми-зерттеу институттары қызмет етеді.

Мектеп жобалары

Студенттер алып жатқан білімдерін тәжірибеде бекітеді және оқытушылармен бірге республикалық және халықаралық жарыстар мен сайыстарға белсенді қатысады. 2016 жылы КАЗГЮУ Университетінің командасы еліміздің ең ірі жеті жоғары оқу орындарының арасында халықаралық құқық саласында Қазақстанның ең үздік командасы атанды.

КАЗГЮУ командасы ағылшын тілінде АҚШ-та өтетін Филипп Джессоп кубогына халықаралық құқық бойынша ең беделді дүниежүзілік турнирының жеңімпаз-командаларының жүздігіне кірді. КАЗГЮУ студенттері әлемнің сексен елінен жиналған бес жүз елу командадан озып кетті. Айта кетерлік, бұл өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан халықаралық құқық бойынша өткізілетін ең танымал жарыс болып табылады.

Бүгінде КАЗГЮУ түлектері құқық қорғау органдары қызметшілерінің айтарлықтай бөлігін құрайтындығы жөнінде айтуға болады. Ең басты жұмыс берушілеріміз – прокуратура органдары мен адвокатура ұйымдары, себебі осы ұйымдардың әрбір бесінші қызметшісі білім ордамыздың түлегі болып табылады. Сондай-ақ Университет түлектерінің көптеген салаларда, бизнес-қауымдастықта, мемлекеттік және шетелдік компанияларда, сондай-ақ өзге қызмет салаларында ең басты позицияларды алып жатқандығын атап өту қажет.

Инфрақұрылым

Сот сараптамасы институтының негізінде сот сарапшылары, құқық қорғау органдарының, прокуратура, ҰҚК, Әділет министрлігі, ІІМ қызметшілері үшін біліктілікті арттыру курстары өткізіледі. Мектептің төрт зертханасы бар – криминалистикалық, баллистикалық, дактилоскопиялық және аудио-, бейнеақпарат тасығыштарының зертханасы. Студенттердің практикалық сабақтары айғақтар базасының зерттелуіне құрылады және зертханаларда өтеді.

Одан басқа, студенттердің сабақтары еліміздің ең үздік криминалистикалық полигондарының бірінде ұйымдастырылады, бұл полигонның бес жұмыс аймағы бар. Сондай-ақ әр түрлі сипаттағы қылмыстарды жасау және ашу орындарын сахналау үшін макенендер мен басқа да арнайы құрылғылар бар. Заманауи мультимедиялық жабдықпен жарақтандырылған аудиторияларда дәрістер мен практикалық сабақтар өткізіледі. Техникалық инфрақұрылымның және заңтану, халықаралық құқық бойынша, оның ішінде ағылшын тіліндегі бірегей оқу құралдарының болуы еуропалық және халықаралық білім беру  стандарттарына толық сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Мектепте сот отырыстарының залы қызмет етеді, онда күнде азаматтық процесс не қылмыстық құқық бойынша сабақтар ұйымдастырылады, сондай-ақ студенттердің шешендік өнері мен көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысын жетілдіруге бағытталған алуан түрлі тренингтер мен пікірталастар өткізіледі.  Түлектермен өзара әрекеттесу үшін Мансап, жұмысқа орналастыру және кәсіптік тәжірибе орталығы құрылды. Қазіргі таңда мемлекеттік органдармен, жеке жұмыс берушілермен және әр түрлі тәжірибе кеңселерімен олардың негізінде практикалық сабақтарды өткізу туралы  шамамен 250 шарт жасалды.

Сондай-ақ студенттердің кәсіптік тағылымдамасы бағдарламасы белсенді дамып жатыр, көптеген фирмалар рекрутинг үлгісіне көшуде, яғни бос орынға кандидатты алдын ала қарап, таңдайды.

Кейіннен көптеген түлектер халықаралық компанияларға жұмысқа орналасып, өз оқуын шетелдегі магистратура аясында жалғастырады. Құқықты зерделеу кезінде салыстырмалы-құқықтық және халықаралық-құқықтық әдістерді қоса пайдалану студенттердің ой-өрісін кеңейтеді, жоғары білікті маманның берік негізін қалайды, заңгер түлектерге ертеңгі күнге сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Одан басқа, Мектептің Заң клиникасы да бар, оның функциясы – әлеуметтік. Студенттер осы жобаға қатысу арқылы оқытушылардың – тәжірибелі заңгерлердің басшылығымен алған білімін пайдалана бастайды. Заң клиникасы жобасының табысты болу тұжырымдамасының негізінде ғылымның, білім мен тәжірибенің бірігуі жатыр. Клиникада оқу нәтижесінде заңгер-студент өзінің болашақ кәсібі терең академиялық білімді ғана емес, ал сонымен бірге заңгер жұмысының практикалық дағдыларын да (коммуникациялық, ұйымдастырушылық, іскерлік құжаттама жүргізу, кәсіби әдеп нормаларын қолдану және т.б.) талап ететіндігін түсінуі мүмкін. Бүгінгі күні КАЗГЮУ-дың заң клиникасы әр түрлі бағыттар бойынша жұмыс істейді: халықтың аз қамтылған топтарына консультация беру, құқықтық білімді тарату және т.б..