«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет және басқару» атты пән аясында көшпелі сабақ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат бойынша комитетінде «КАЗГЮУ Университеті» АҚ бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес Жоғары құқық мектебінің 1 курсында «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Т.С. Нұрышевамен «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет және басқару» атты пән аясында  көшпелі сабақ ұйымдастырылды және өткізілді.

Көшпелі сабақтың мақсаты – студенттерді мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бір тетігі ретінде енгізілген, мемлекетпен көрсетілетін қызмет түрлерін іске асыру барысында жүргізілетін мониторингпен таныстыру және  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы төңірегінде мемлекеттік басқарудағы халыққа қызмет көрсетуде туындаған сұрақтарға қатысты тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру болып табылды.