Азаматтық құқық кафедрасы

Азаматтық құқық кафедрасы барлық мамандықтарда азаматтық құқық пәндері бойынша оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы қайта құрылған (Ұлттық құқық жоғары мектебінің құрылымдық бөлімшесі (әділсот, адвакатура және кәсіпкерлік құқық)).

 

Кафедраны заң ғылымдарының докторы, профессор, азаматтық-құқықтық зерттеулер институтының директоры Қаудыров Төлеш Ерденұлы басқарады. Қаудыров Т.Е. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздіге 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Коонституциясына 10 жыл»,  «Құрастыру және патент ісіне қосқан үлесі үшін» В.И.Блинников атындағы халықаралық алтын медальдарымен марапатталған. Бүкіләлемдік Зияткерлік Меншік Ұйымының зияткерлік меншік құқығы бойынша Симпозиумдардың тұрақты қатысушысы болып табылады (ВОИС) (Қырғызстан, Болгария, Қазақстан).

 

Кафедрада озық цивилист-ғалымдар мен оқытушылар еңбек және ғылыми қызметтерін атқарады олардың ішінде, з.ғ.д., профессор Абдрасулов Е.Б., з.ғ.к., профессор Жусупов А.Т., з.ғ.к., профессор Қыстаубай О.С., з.ғ.к., доцент Идрышева С.К., з.ғ.к., доцент Абдрасулова Г.Э., з.ғ.к., доцент Зинченко В.В.,  PhD докторы Қанатов Т.К.,тб.

 

Профессорлық-оқытушылық құрамы республикалық, аймақтық, халықаралық ғылыми-практикалық, теориялық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға, симпозиумдарға белсенді қатысады. Кафедра шетелдік жоо ғылыми әріптестерімен қарым-қатынас жасайды атап айтқанда,  Р.Мюлерсон, Б.Бауринг (Ұлыбритания), Р.Верузевский (Польша), А.Трунк (Германия).

 

Азаматтық құқық кафедрасы Құқықтану мамандығы бойынша шығарушы кафедрасы болып табылады. Кафедрада Азаматтық құқық, Кәсіпкерлік құқық, Халықаралық жеке құқығы,   Нотариат, Зат құқығы, Мұрагерлік құқығы, Тұрғын үй құқығы, Келісім шарт құқығы, Отбасы құқығы, Кепілдік құқығы, Зияткерлік меншік құқығы, Міндеттілік құқығы, тб пәндер бойынша сабақ жүргізіледі.

 

Кафедрада «Цивилист» ғылыми-зерттеу үйірмесі бар, кафедрасы жылсайын университеттің студенттері арасында азаматтық құқық бойынша олимпиада өткізеді.

 

Байланыс

Мекенжай:  Астана қ.,  Корғалжын тас жолы, 8, каб. 315

Телефон: 8 (7172) 70-30-41, кеңсе 70-30-39 (ішкі.1084)