Қылмыстық, қылмыстық атқару құқығы және криминология кафедрасы өзінің тарихи бастауын 2001 жылдан алады да, қазіргі уақытта ғылыми дәрежелік деңгейі жоғары «M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti» АҚ Құқық жоғары мектебінің беделді құрылымдық бөлігі болып табылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы құқық саласында жоғары білікті мамандар әзірлеуді көздейтін кәсіби мамандардың ұйымшыл ұжымы болып табылады. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өз қызметінде алдыңғы қатарлы оқу әдістемелері мен технологияларды(айталық, CaseStudy) қолданады, теориялық ережелерді тәжірибелік мысалдармен нақтылайды және білім алушы контингенттің санасына бағдарлы ықпал ете отырып, күш-жігерін болашақ заңгерлердің жоғары құқықтық санасының қалыптасуына жұмсайды.

Кафедра студенттердің, магистранттардың, докторанттар мен оқытушылардың ғылыми зерттеулері аясында з.ғ.д., проф. М.Ш.Қоғамов жетекшілік ететін КАЗГЮУ Қылмыстық-процесстік зерттеулер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институтымен үнемі тығыз байланыста жұмыс жасайды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қылмыстық құқық, қылмыстық атқару құқығы және криминология салалары бойынша еліміздің жетекші сарапшыларының қатарында лайықты орын алған.

Міндеттері

    • кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы біліктілігін сапалы түрде жетілдіру;

    • сапалы білім берудің халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету;

    • дүние жүзінің жетекші университеттері және ғылыми орталықтарымен стратегиялық ынтымақтастықты орнату жолында кафедраның қарым-қатынастар үшін ашық болуы;

    • кафедраның академиялық дәрежесін арттыра түсу;

    • оқу және ғылыми-зерттеу үрдісін материалды-техникалық қамтамасыз ету сапасын арттыра түсу.

Дәреже бағдарламалары

«Қылмыстық, қылмыстық атқару құқығы және криминология» кафедрасы «Қылмыстық-процесстік құқық және криминалистика» кафедрасымен бірлесе отырып, 5В030300 «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша құқық қорғау қызметі саласында бакалавр дәрежесін ұсынады.

Әкімшілік

Кафедра меңгерушісі – Серікбаев Абзал Мұхаметжанұлы, з.ғ.к.

Байланыс жолдары:

Кабинет № 220

Тел.: +7 (7172) 70-30-23 (вн.1052)

Эл.пошта:http://kazguu.kz/ru/obrazovanie/vshp/kuupik