«ЖАС ӨРКЕН» ТАҒЫЛЫМДАМА БАҒДАРЛАМАСЫ — ТАБЫСТЫ МАНСАП ҚҰРУ МҮМКІНДІГІҢ!

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетімен бірге 2017 жылы бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарын тәмәмдаған түлектерді «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады.

20 жас түлек 20 ай бойы «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіретін компанияларда тағылымдамадан өтеді. Сізге бұйырған тамаша мүмкіндік – еліміздің ірі индустриялық кәсіпорындарында оқу және жұмыс істеу. Конкурс жеңімпаздарына ай сайын стипендия, тағылымдамадан өту орнына бару және келу, сондай-ақ тұру ақысы төленетін болады.

Бағдарламадан табысты өткен жағдайда, жас мамандар үшін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында жұмыс істеу және әрі қарай даму жоспары құрылады. Бағдарламаның соңында табысты тағылымдамашылар Қазақстанның ұлттық компанияларына жұмысқа орналаса алады.

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанның дарынды жастарын дамыту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын міндетті талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

  • 2017 жылғы бакалавриат не магистратура бағдарламасының түлегі болу.

КОНКУРС ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Үміткерлерді іріктеу әлеуеттерін анықтау арқылы конкурстық негізде жүргізіледі.

Конкурс 4 (төрт) турдан тұрады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап 1 шілдесіне дейін  https://www.skcu.kz/zhasorken/ конкурстың ресми сайтында онлайн тіркелу арқылы беріледі.

1-тур (қашықтықтан) 3 (үш) кезеңнен тұратын өтінімді онлайн тіркеу:

  • Өтінім (www.skcu.kz/zhasorken конкурстың ресми сайтында толтырылады және тіркеледі)
  • Мотивациялық эссе
  • Online casestudy

 

2-тур (көзбе-көз Астана, Алматы қ. және өңірлер3 (үш) кезеңнен тұрады:

  • Алғырлық тест тапсырмалары цифрлық, кестелік, графикалық және мәтін нысандарында ұсынылған ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттілігін бағалайды.

  • Жүріс-тұрыс стиліне тест тапсырмалары адамның кәсіби ортада өзін-өзі ұстаудың кәдімгі не ұнататын стилін бағалайды.

  • Ассесмент-орталық нақты жағдайларға барынша ұқсас ахуалда іскерлік дағдыларды көрсету мүмкіндігін береді.

  •  

3-тур (көзбе-көз, Астана) 2 (екі) кезеңнен тұрады:

  • Уәждемені бағалау – кандидаттың тапсырмаларды шешуге жұмсайтын энергия деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін сауалнама.

  • Құзыреттер бойынша сұхбаттасу әр түрлі жағдайларда адамның іс-әрекеттерін толық талдауға бағытталған.

4-тур

Конкурстық комиссия  конкурсты өткізу шарттарына сәйкес жеңімпаздарды таңдайтын алқалы орган. Ұйымдастыру комитеті конкурстық комиссияның құрамын өз шешімімен бекітеді.

Шарт

Конкурс жеңімпазы комиссия «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қабылдау туралы шешімді шығару күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетімен тағылымдамадан өту туралы шартқа отырады.

Оқу

Конкурс жеңімпаздары оқу және даму бағдарламасына қабылданады.

Бағдарлама мынадай 3 (үш) кезеңді қамтиды:

1. Бағдарлау курсы, бағдарлама жайында хабардар ету.
2. «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде» төрт апталық оқытушы курс.

  • Жеке тиімділік
  • Тиімді коммуникациялар
  • Іскерлік хат
  • Тиімді презентация дағдылары
  • Көшбасшылық
  • Өзгерістерді басқару
  • Жобаларды басқару
  • Командалық тиімділік

3. Deloitte оқу орталығында бір апталық курс (Мәскеу қ.)

Тағылымдама

Тағылымдама ұзақтығы 20 ай құрайды. Қатысушылар мамандығы мен кәсіби бағытына байланысты «Самұрық-Қазына» АҚ әр түрлі портфельдік компанияларында 5 айдан тағылымдамадан өтетін болады.

Контакты:

Email: zhasorken@skcu.kz

https://www.skcu.kz/zhasorken/