Қылмыстық-процессуалдық құқық және криминалистика кафедрасы

Қылмыстық-процессуалдық құқық және криминалистика кафедрасының тарихы 2001 жылдан басталады (КАЗГЮУ, Астана қ.) және оның қызметі заң ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Нәрікбаевтың басшылығымен жүзеге асырылды.

 

2002 жылдан 2003 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып з.ғ.к., профессор Ким Клара Васильевна тағайындалған.  2003 – 2005жж. кафедра меңгерушісі з.ғ.к., профессор Сембин Болат Ажакаевич болды.

 

2005-2009 жж. кафедра меңгерушісінің міндетін құқықтану магистрі Крушинский Максим Алексеевич атқарды. С 2009 жылдың 19 мамырынан 2012 жылға дейін кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент Хан Виталий Вячеславович болды.  2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент Пен Сергей Геннадьевич.

 

Қылмыстық-процессуалдық құқық пен криминалистика  кафедрасында 24 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде з.ғ. д., профессор Бычкова С.Ф., з.ғ.д., профессор Қоғамов М.Ч., з.ғ.д., профессор Сейтенов К.К., м.ғ.д., профессор Галицкий Ф.А., з.ғ.д., доцент Юрченко Р.Н., з.ғ.к., профессор Ким К.В.,з.ғ. к., профессор Сембин Б.А. Доцентар: з.ғ.к. Хан В.В., з.ғ.к., Гахраманов Р.В., з.ғ.к.Досболов А. Д., з.ғ.к. Турашев Е.Н. Аға оқытушылар: з.ғ.к.Шаухаров К.А., з.ғ.к. Мусенова Э.Е., з.ғ.к.Наурызова А.А., з.ғ.к.Рамазанова А.С., з.ғ.к. Финк Д.А., тб.

 

Оқу жылының негзгң бағыттарының қорытындылары мен Университет студенттерінің арасында жүргізілген социологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша профессорлық-оқытушылық құрамы мен кафедра үздік деп танылды, ЖОО-ның туған күніне орай өткізілетін жылсайынғы рәсімде – «Үздік кафедра», «Жылдың лекторы», «Үздік оқытушы», «Үздік жас ғалым» номинациялары бойынша дипломдар табысталған.

 

Жылсайын дәстүрлі түрде кафедра жоғарғы курс студенттері арасында қылмыстық процесс пен криминалистика бойынша  олимпиада өткізеді. Кафедрада қылмыстық процесс, криминалситика, сот экспертологиясы, оперативтік-іздеу қызметі, сот шешендік өнері бойынша ғылыми, оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын «Ш.Холмс достарының клубы» студенттік ғылыми қауымдастық қызмет атқарады.

Кафедра жанында арнайы кабинеттер бар: сот оқу залы, полигон-пәтер, криминалистика техникасының кабинеті.

 

Байланыс:

Мекенжай:  Астана қ.,  Корғалжын тас жолы, 8, каб. 312

Телефон: 8 (7172) 70-30-45, кеңсе 70-30-39 (ішкі.1090)