КАЗГЮУ Жоғары Құқық Мектебі түлектерінің Клубы ЖҚМ түлектерін тиімді жанжақты қарым қатынасты орнату үшін ерікті түрде біріктіретін алаң. Клубты құрудың мақсаты болып түлектердің мүмкіндіктері мен қуатын аталмыш ұйымның мақсаты мен мінтеттерін жүзеге асыруда тиімді пайдалану табылады.

ЖҚМ түлектері Клубының миссиясы – КАЗГЮУ Университеті дәстүрін құрмет тұтатын, Alma-materді кәсібиліктің, сапалы және қол жетімді білім берудің нышаны ретінде танитын түлектерді біріктіру.

ЖҚМ түлектері Клубының мақсаты – түлектердің ынтымақты болуы, КАЗГЮУ Университеті Миссиясын өзге жерде қолдау, студенттер мен мамандардың интеллектуалдық, шығармашылық және іскерлік мүмкіндіктерін біріктіру, КАЗГЮУ Университеті түлегі имиджін жоғары ұстау.