Түлектер клубы түлектердің, студенттердің, оқытушылардың және Мектеп әкімшілігінің бірігіп атқарған қызметі нәтижесінде құрылған қоғамдық ұйым. Клубтың негізгі көздеген мақсаты KAZGUU University ұжымдық мәдениет нормаларын, құндылықтарын, дәстүрлерін қалыптастыру және дамыту; бітіруші түлектерге олардың қоғамдық орнын табуға және алуан шеберлік орталардағы  өз жетістіктерін пайдалануына мүмкін болғанында  қолдау көрсету.

Асқар Куанышұлы Жұмағалиев
ҚР көлік және коммуникация министрі
1972 жылы туылған.
Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі.
Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
Нұрлан Сүлейменұлы Утешев
1977 ж. 24 ақпанда, Алматы қ. туылған
1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін (КАЗГЮУ) үздік бітірді, содан кейін осы университеттің магистратурасын бітірді. Еңбек жолын КАЗГЮУ-дың қаржы құқығын оқытушысы болып бастаған, 2000 жылы жылы КАЗГЮУ Университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры болып тағайындалды.
2012 жылдың тамызында Нұрлан Сүлейменұлы Утешев Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасының міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.
Марат Бақытжанұлы Бекетаев
1977ж. 29 тамызда, Шымкент қ.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң
университетін бітірді.
Кеңес Хамитұлы Ракишев
1979 жылы 14 шілде, Алматы қ.
Қазақ мемлекеттік академияны бітірді (2000 Ж.) – кәсіпкер, венчур инвесторы, SAT &Company өндірістік холдингі директорлар кеңесінің төрағасы, NASDAQ жоғары технологиялық биржасына шыққан, Қазақстан капиталы бар алғашқы американдық NetElement компаниясы директорлары кеңесінің төрағасы, Ресей FastlaneVentures ірі венчурлық қорының директорлары кеңесінің мүшесі.
Стартап және робот техникасы индустриясына негізделетін ірі GenesisAngels венчурлық қорының серіктес негізін қалаушысы.
«Forbes журналы Қазақстанның ең беделді 50 бизнесмендер қатары» рейтингіне кіреді (12-орын).
Нұрболат Айдапкелов
1979ж. 22 шілде, Тараз қ.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің жауапты экс хатшысы.
2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірді (заңгер)
Арман Алпысбайұлы Бердалин
«Қосылу және жұтылу» (Mergers&Acquisitions) департаментінің басшысы. «Саят Жолшы және серіктестер» адвокаттық кеңсенің серіктесі.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының «Кәсіпкерлік құқық» факультетін үздік бітірді.
Энергетикалық кешен кәсіпорындарына қызмет көрсету саласында, тек қазақстандық қана емес, сондай-ақ Ресей Федерациясы, АҚШ инвесторлары мүдделерін қорғайтын адвокаттық кеңсенің жетекші мамандарының бірі. Бердалин мырза бірқатар қазақстандық компаниялардың заңгерлік жағдайының (duediligence) кешенді талдауын жүргізді.
Халықаралық заңгерлер ассоциациясының (IBA) мүшесі: Қосылу және жұтылу және корпоративтік құқық комитеті.
Рустам Кайроллаұлы Оспанов
«Саят Жолшы және серіктестер» адвокаттық кеңсенің аға серіктесі, адвокат.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, «Кәсіпкерлік құқық» факультетін үздік бітірді. Оспанов мырза ірі қазақстандық банкты және фосфор және энергетика өндірісінің бірқатар ірі кәсіпорындарының қызметін тарату процессіне заң кеңесшісі ретінде қатысты.
Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі – Қазақстан адвокаттары кеңесінің мүшесі.
2011 жылы Рустам Оспановты «WhoisWhoLegal: CIS» атақты басылымы Қазақстан Республикасында монополияға қарсы құқық саласындағы процесстер бойынша әйгілі эксперт: «wellknownforhisdominanceandanti-monopolyrelatedexpertise» ретінде таныған.
Сондай-ақ 2010 жылы Оспанов мырзаны «WhoisWhoLegal: CIS» атақты басылымы Қазақстан Республикасында монополияға қарсы құқық саласындағы процесстер бойынша әйгілі эксперт: «wellregardedforhismergerrelatedexpertise» ретінде таныған.
Әсел Әділқызы Сәндібаева
«Саят Жолшы және серіктестер» адвокаттық кеңсенің бас заңгері, адвокат.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының «Кәсіпкерлік-құқықтық» факультетін үздік бітірді.
Сәндібаева ханым азаматтық процесстер мәселелерінде маманданған, Қазақстан Республикасы барлық сот инстанцияларында клиенттердің мүдделерін қорғайды.
Аралық және төрелік  істерді қарауға, олардың шешімін мәжбүрлеп орындау және шешіміне шағым беру процесстеріне қатысқан.
Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі;
Қазақстан адвокаттар кеңесінің мүшесі
Айдар Арғынғазыұлы Егеубаев
“KazPetroDrilling” АҚ құқықтық қамсыздандыру жөніндегі вице-приезиденті. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университеті Халықаралық құқық және мемлекеттік қызмет факультетін және 2008 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Қаржы академиясының «Қаржы менеджменті» мамандығын бітірді.
1996 жылдан бастап 2013 жылға дейін қаржы секторына мамандандырылған халықаралық фирмаларда, соның ішінде «Си-Эм-Эс Камерон Маккенна», «Брэйсвэлл энд Джулиани Л.Л.П.», «Бейкер энд Маккензи» және PwC кәсіби консалтингте қызмет атқарды, онда қазақстандық заң практикасын басқарды.
2008 жылдан бастап 2011 жылға дейін – Басқарушы директор, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ инвестициялық комитетінің мүшесі.
Қазақстандық халықаралық арбитраждың арбитрі. Шетелдік және қазақстандық баспаларда басылымдары бар.
Арман Досмуханұлы Маркашов
КПО («Карачаганак Петролиум Оперейтинг» б.в.) құқықтық мәселелері жөніндегі басқарушы кеңесші.
1996 жылы КАЗГЮУ «Кәсіпкерлік-құқықтық» факультетін бітірді.  1994 және 1997 ж. ҚазГЗИ «Жерұйық» қорында жалпы, практикалық және заң психологиясы курстарында оқып білім алды.
1996-1997 жж. – ҚазГЗИ оқытушысы, 1995-1997 жж. – ҚазГЗИ жанындағы «АРНЕК Консалтинг» заң агенттігінің директоры, 1997-1998 жж. – Алматы өңірі бойынша Адам құқықтары жөніндегі комиссия өкілдігінің басшысы; ПРООН ұлттық кеңесшісі (бірлескен жобалар), 1998-2001 жж. – заң департаментінің,  «Казахойл» ұлттық мұнай газ компаниясы Қарашығанақ жобасының заң кеңесшісі, 2003 ж. қараша-желтоқсан айларында, 2006 ж. қаңтар-наурыз айларында, КПО Лондондағы офисі (Ұлыбритания) заң департаментінде, 2009 ж. шілде-тамыз айларында – ENI(Милан қ., Италия) компаниясының заң департаментінде стажировкадан өтті.
Рустам Танатұлы Ильжанов
«Саят Жолшы және серіктестер» адвокаттық кеңсенің аға серіктесі, (LL.M.) құқық магистрі, адвокат.
1999 жылы Қазақ меслекеттік заң университетін , «Халықаралық құқық және мемлекеттік қызмет» факультетін бітірді. КАЗГЮУ алтын кітабына енген.
Рустам Ильжанов кәсіби мансапты 2000 жылы бастады. «Саят Жолшы және серіктестер» келмес бұрын сұйытылған газды тасымалдау ірі компаниясында жұмыс істеді.
Рустам Ильжанов – жер қойнауын пайдаланушы клиенттерге заңды қызмет көрсету жөніндегі команданың басшысы. Қазақстандық және халықаралық қаржы институттарынан Жер қойнауын пайдаланушылардың несиені, соның ішінде халықаралық қаржы корпорациясынан айырбасталатын несиені алу жөніндегі жобаға белсенді қатысқан.
Алматы қалалық адвокаттар алұасыныі мүшесі;
Қазақстан адвокаттары кеңесінің мүшесі.
Ғалым Ташмұханбетұлы Амерходжаев
Экспорттық несие мен инвестицияларды мемлекеттік сақтандыру басқармасының төрағасы.
1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің, Кәсіпкерлік құқық факультетін бітірді. Орталық Азия үшін сақтандыру жөніндегі SABIT бағдарламасы бойынша АҚШта стажировкадан өтті. 2001 ж. бастап «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-да негізгі қызмет орындарына ие болған: Заң департаментінің директоры, Басқарма төрағасының орынбасары.
Әсел Ерікызы Дүйсенова
Қазақстандық халықаралық арбитраждың атқарушы директоры, КҚУ Меншік құқығы ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының, «Халықаралық құқық және мемлекеттік қызмет» факультетін бітірді, 1998-2002 ж.– аспирант, 2000 ж. бастап бүгінгі күнге дейін – кіші ғылыми қызметкер, 2000-2002 жж. – КАЗГЮУ меншік құқығы ғылыми-зерттеу институтының магистратура меңгерушісі, 2004-2005 жж. – «Қазақстанның халық банкі» АҚ заң департаменттері филиалдармен жұмыс және әдіснама басқармасының жетекші заң кеңесшісі. 2007 ж. бастап – Қазақстандық халықаралық арбитраждың атқарушы директоры. 2008 ж. бастап – «Заңгер» заң фирмасының шаттағы кеңесшісі.
Негізгі мамандыру салалары: азаматтық құқық, халықаралық меншік құқығы, арбитражды процесс.
Виталий Викторович Водолазкин
«Саят Жолшы және серіктестер» адвокаттық кеңсенің басқарушы серіктесі.
2001жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының, «Кәсіпкерлік құқық» факультетін үздік бітірді.
Водолазкин мырза барлық деңгейдегі соттардың ірі сот процесстеріне қатысқан, соның ішінде фосфор өндірісінің клиенттері, жер қойнауын пайдаланушы клиенттерге салықтардың негізсіз қайта есептеу мәселесі бойынша мүдделеріне өкілдік етті, Қазақстан Республикасы жетекші банкінің көптеген проблемалық жобалары бойынша; клиенттерден дебиторлық қарызды қайтару бойынша, клиенттердің акционер ретіндегі құқықтарын қорғау бойынша мүдделеріне өкілдік етті.
Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі;
Қазақстанның мұнай газ саласы ассоциациясының мүшесі;
Қазақстанның адвокаттар кеңесінің мүшесі.
Мамандандыру: Сот процесстері мен арбитраж. Қаржы және бағалы қағаздар. Виталий Водолазкинді  «WhoisWhoLegal: CIS 2011» дүние жүзіне белгілі басылым Қазақстан Республикасы аралық және төрелік сот саласында үздік «very well regarded for commercial arbitration» ретінде таныған.
Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды
Шымкент қ. Әкімі
1974 ж. 26 наурыз, Шымкент қ.
2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алды.
Экономика ғылымдарының кандидаты.
2000 жылдың шілдесінде ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетіне мемлекеттік қызметке қабылданды. 2002 жылы ҚР Президенті іс басқармасына ауыстырылды. 2007 жылдың қаңтарында ҚР Жоғары соты жанындағы Сот басқару жөніндегі комитетке жұмысқа қабылданды.
Азамат Тайжанов
Егіндікөл ауданының әкімі
«Халықаралық құқық» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірді, сондай-ақ осы ЖОО-ның «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. Еңбек жолын Астана қ. «Ықылас К» ЖШС менеджерінен бастады. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат департаментінде, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Құқықтық қамсыздандыру және халықаралық қатынастар департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс атқарды. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Көп тарапты ынтымақтастық басқармасын басқарды.  Қазіргі лауазымға тағайындалмас бұрын Степногорск қ. Әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Мұрат Ақтайұлы Жұманбай – 2004 жылдың түлегі (үздік диплом, орташа баллы – 5) , «Университеттің алтын кітабына» енген, «2002 жылдың үздік студенті», 2002-2004 жж. – «Студенттер кеңесінің» төрағасы, КАЗГЮУ «Орда» дебаттық клубының алғашқы төрағасы және ұйымдастырушысы. Қазақстан Республикасы Экономикалық және жемқорлық қылмыскерлікпен күрес жөніндегі төрағасының кеңесшісі, Агенттіктің ресми өкілі, қаржы полициясының майоры.