Құқық жоғары мектебі (ҚЖМ) өзінің түлектерін мақтаныш етеді. Университеттің жетістігі ең алдымен оның түлектерінің жетістіктеріне байланысты болады.

ҚЖМ өзінің түлектеріне олар пайдалана алатын келесідей қызмет түрлерін қуана ұсынады:

  • Кәсіби дамыту бағдарламасын тегін өту.

  • ҚазГЗУ кітапханасының ақпараттық ресурстарына тегін кіруге рұқсат.

  • Өндірістік тәжірибе, мансап және жұмысқа орналастыру кеңсесі түлектердің жұмысқа орналасуының қамын ойлайды: апта сайын бос орындар туралы ақпаратты сайтқа орналастырады және жұмыс берушілермен түлектердің ішінен үздік кандидаттарды таңдап алу бойынша жұмыс жүргізеді.

Түлектер үшін қызметтерге мүмкіндік алу үшін Сізге түлек карточкасын алу қажет болады.

Түлек карточкасына тапсырыс беру oppkit@mail.ru мекенжайына келесідей ақпаратты жіберу арқылы жүзеге асады:

  1. Сканерленген 3*4 сурет
  2. ТАӘ
  3. Оқу бағдарламасы
  4. Бітірген жылы
  5. Жұмыс орны
  6. Позиция
  7. Байланыс телефоны
  • Сіз жұмысыңызды, электронды мекенжайыңызды немесе телефон номеріңізді алмастырдыңыз ба? Өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды электронды түрде oppkit@mail.ru мекенжайына жіберу арқылы жаңалаңыз.
  • Оқиғалар, жаңалықтар, байқаулар және т.б. жөнінде электронды пошта арқылы келген жіберілімдерді бақылаңыз.
  • Өзіңіздің аймағыңыздағы түлектермен немесе сіздің қызығушылығыңызды бөлісетіндермен бірлесіңіз.

  • Өз кәсіби желілеріңізді құрыңыз және басқа түлектермен FacebookTwitter және Vkontakte сайттарындағы ҚАЗГЗУ ресми парақшасының көмегі арқылы байланыс жасаңыз.